02 шілде 2015 | 18:24

Қазақстанда елді мекендерде көлік жарығын жақпай жүруге рұқсат беру ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Николай Колесников © Николай Колесников

Қазақстан Парламентінің мәжілісіндегілер "Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысы туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы" жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр. Осының аясында елді мекендерде күндізгі уақытта жүргізушілерге жарықты қоспай жүруге рұқсат беру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Парламентінің мәжілісіндегілер "Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысы туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы" жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр. Осының аясында елді мекендерде күндізгі уақытта жүргізушілерге жарықты қоспай жүруге рұқсат беру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы заңға сәйкес күн мезгіліне қарамастан, барлық көліктер жақын қашықтық шамын жағып жүруі немесе жүріс жарығы шамымен жүруі тиіс. Депутат Төлеген Ибраев бұл норманы өзгертіп, көліктерге шамды күндізгі уақытта тек халықаралық автожолдарда міндетті түрде жағып жүруді қалдыру керектігін айтты.

"Ауылдық жерлерде шам жағып жүру бізге пайда әкелмейді, қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. (...) Қазақстанда жүрген автокөліктердің сипаттамасына сай электр құрылғыларын қыздырып алу өте қауіпті. Мен жүргізушілермен сөйлестім, олар бұл норманы қолдап қана қоймайды, сонымен қатар, мұның өте қажет екендігін айтады", - деді депутат.

Сонымен қатар, полицейлер автомобильдерді тоқтатқан кезде жүргізушіге немесе жолаушыға көлік салонынан өздігінен шығуға "егер олардың тарапынан дөрекі әрекет болмаса, іздеуде жүрген адамдарға ұқсамаса, есірткі немесе ішімдік ішті деген күдік туындамаса немесе полицейлер тарапынан құқыққа қайшы әрекет, бопсалау болса" рұқсат беру керек.

2014 жылы күшіне енген бұл заңда көліктен полиция қызметкерлерінің рұқсатынсыз шығуға тыйым салатын норма бар.

Еске сала кетейік, "Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысы туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы аясында балаларды велосипедпен тасымалдауды заңдастыру қарастырылған болатын. Сонымен қатар, 14 жасқа дейінгі балаларға велосипедпен тек арнайы жолмен, өткелмен немесе тротуармен ғана жүру рұқсат етілген болатын. Заң жобасымен айналысушылар трамвайлар паркіне жүргізушілерді үш жыл еңбек өтілі бар және оларды 21 жастан бастап алуға рұқсат етуді, полицейлердің қоғамдық көлікті тоқтатқан кезде жолаушыларға көліктен түсуге рұқсат беруді қарастырып жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer