Геннадий Головкин P4P рейтингінде Мэнни Пакьяоның алдына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин P4P рейтингінде Мэнни Пакьяоның алдына шықты © Tengrinews.kz

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) америкалық танымал ESPN спорт арнасының Pound for pound рейтингінде Мэнни Пакьяоның алдына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин үшінші орынға көтерілді, ал Пакьяо төртіншіге түсті. Еске сала кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін мамыр айының ортасында өткізді. Ол америкалық Вилли Монро кішіні уақытынан бұрын жеңді.

P4P рейтингінде бірінші орында Флойд Мейвезер кіші қалды. Екінші орында Роман Гонзалез тұр.

Айта кетейік, Головкиннің келесі қарсыласы анықталған жоқ. Боксшының командасы алдағы жекпе-жекті қыркүйекке жоспарлап отыр. Қазақстандық боксшы WBA рейтингіндегі спортшылардың бірімен кездеседі деп күтіліп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети