05 шілде 2015 | 22:41

Астана әкімі мен Милан қаласының мэрі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Astana.gov.kz ©Astana.gov.kz

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Милан мэрі Джулиано Пизапиа өзара түсіністік туралы бірлескен коммюнике қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Милан мэрі Джулиано Пизапиа өзара түсіністік туралы бірлескен коммюнике қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Астанаға болашақ ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандарымен танысуға және Астана күніне арналған мерекелік шараларға қатысуға келген Милан қаласының мэрі Джулиано Пизапиамен кездесті. "Бұл күндері Астананың 17 жылдығын атап өтудеміз. Астана республикамыздың бірлігінің, тәуелсіздігінің және жасампаз энергияның символына айналды, - деді әкім. Елорда әкімі қонаққа Астананың құрылысы, оның дамуы мен жетістіктері туралы айтып берді. 

"Осы күндері Астанаға Қазақстанның басқа аймақтарынан және шетелдерден көптеген қонақтар келуде. Біз Италиядан келген достарымызды да қуана қарсы аламыз, - деді Жақсыбеков. Астана мен Милан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту туралы айта келе, әкім, бірінші кезекте "ЭКСПО Милан 2015" және "ЭКСПО Астана 2017" көрмелерін өткізуге дайындық кезінде тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды. "Біз бұдан кейін де Миланда өтіп жатқан ЭКСПО-2015 көрмесіне дайындық пен оны ұйымдастыру әдістерін белсенді зерттеуді жоспарлап отырмыз, осы мақсатта ұйымдастыру жұмыстарының әртүрлі аспектілері бойынша бірқатар жұмыс делегацияларын дайындаудамыз. Өз кезегінде ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін де, одан кейін де барлық итальяндықтарды Қазақстанға, Астанаға шақырамыз, - деді әкім.

Жақсыбековтың айтуынша, Астана Миланның дамуымен және қаланың тұрақты жоспарлануымен, инновацияларды енгізу және "smart" қалалар тұжырымдамасын жүзеге асыру салаларындағы тәжірибесімен танысуға мүдделі. Сондықтан, бірігіп жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау үшін Астана өзара түсіністік туралы меморандумды қабылдау туралы Италияның бастамасын қолдайды. "Бұл құжат ұзақ уақыттық жемісті ынтымақтастығымыздың іргетасын нығайта түседі", - деп атап өтті Жақсыбеков.

Милан қаласының мэрі Астана мен Милан арасында тікелей әуе байланысын орнатуды ұсынды. "Екі елдің байланысын одан әрі дамыту мақсатында Астана мен Милан арасында тікелей әуе байланысын орнату мүмкіндігін ұсынамын", - деді Джулиано Пизапиа.

Мэр Пизапиа елорда әкімін келесі жылдың 15-16 қазанында өтетін азық-түлік саласындағы Қалалық саясат пактісінің ("Urban Food Policy Pact") таныстырылымына арналған Мэрлер Саммитіне қатысуға шақырды. Бүгін Милан мэрі Астанаға сапары аясында ЭКСПО-2017 көрмесі алаңын аралап, жобамен танысты. Құрметті қонақ көрме өтетін басты кешен мен маңызды нысандардың құрылысын көріп қайтты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer