07 шілде 2015 | 11:16

Қазақстандық барлаушылар халықаралық жарыстарда үздік атанды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық барлаушылар Қарағанды облысындағы "Спасск" оқу-жаттығу орталығында "Алтын үкі - 2015" арнайы мақсаттағы барлау топтарының сегізінші халықаралық жарысында үздік атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Беларусь, Қытай, Ресей, Америка Құрама Штаттары және Қазақстан елдерінен келген барлаушылар бес күн бойы арнайы мақсаттағы таңдаулы бөлімшелердің іс-қимыл машықтарын көрсетті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық барлаушылар Қарағанды облысындағы "Спасск" оқу-жаттығу орталығында "Алтын үкі - 2015" арнайы мақсаттағы барлау топтарының сегізінші халықаралық жарысында үздік атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Беларусь, Қытай, Ресей, Америка Құрама Штаттары және Қазақстан елдерінен келген барлаушылар бес күн бойы арнайы мақсаттағы таңдаулы бөлімшелердің іс-қимыл машықтарын көрсетті.

Қатысушылар ондаған шақырым жерден өту, күндізгі және түнгі уақытта ауыса отырып қолайсыз жағдайда түрлі нысаналарды ату, медициналық және тау даярлығы, кедергі сызықтарын игеру, 30 шақырымға шеру жасау, шым-шытырық қиылысқан жерлерді бағдарлау, жасанды қопарғыш мина ісі және басқа да арнайы іс-шараларды орындады.

Айта кетейік, қажырлы және қызу күресте қатысушылар өздерінің әлсіз және пәрменді тұстарын айқындап қана қоймай, сонымен қоса арнайы операцияларды, арнайы мақсаттағы барлау топтарының жауынгерлік әдістемелік даярлығын жүргізуде тәжірибе алмасып, достар тапты. "Менің ойымша біздің топ ең тәжірибелі топ. Олар тұтастай Таяу Шығыстағы және Ауғанстандағы операцияларға қатысты. Біз үшін ең күрделісі тактика болатын. Даярлық бізде мүлде басқаша екен. Дегенмен сайыс мақсаты тәжірибе алмасу болып отыр. Сондықтан да біз бұл жерде көп достар таптық," - деп атап өтті АҚШ "Жасыл береттер" тобындағы жауынгерлерінің бірі Майкл Браун. 

Сайыстың қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігінің басшылығы жеңімпаздарға жүлделер мен сыйлықтар табыс етті. "Алтын үкі - 2015" сайысының алтын кубогын Қазақстандық арнайы мақсаттағы бөлімшелер жеңіп алды, күміс жүлде - Күн асты елінің жауынгерлеріне бұйырды. Сонымен қатар қытайлық әскери қызметшілер "Үздік мерген жұп" номинациясы бойынша жеңіске жетті. Үшінші орынды екі топ иеленді, олар - Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының десантшылары. "Жеңіске деген жігері үшін" грамотасымен жаралы аяғымен соқпақ жолдан өткен белорус әскери қызметшісі наградталды. Ал американдық "Жасыл береттер" тобы "Үздік қопарғыштар" номинациясын жеңіп алып, топ бойынша "Жеңіске деген жігерлігі үшін" грамотасын иеленді.

Қатысушылардың көзқарасы бойынша жарыс айтарлықтай күрделі болды. Әр кезең шыдамдылықтың, күштің, топпен сапалы жұмыс жасаудың жоғары деңгейін және әр қатысушының бабындағы даярлығын талап етті. Әр команда үшін ауа-райыерекше маңызды саналды. Қапырық күн және құрғақ климат тіпті ең тәжірибелі және мықты деген арнайы мақсаттағылардың жоспарына бірнеше мәрте кедергі болды.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer