HSBC банкінің алты қызметкері даулы видеоролик үшін жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

HSBC банкінің алты қызметкері даулы видеоролик үшін жұмыстан қуылды © REUTERS

HSBC банк тобы ИМ (ДАИШ) роликтеріне пародия жасаған алты қызметкерін жұмыстан шығарды, - деп хабарлайды BBC.

ПОДЕЛИТЬСЯ

HSBC банк тобы ИМ (ДАИШ) роликтеріне пародия жасаған алты қызметкерін жұмыстан шығарды, - деп хабарлайды BBC.

Видеодан сарғылт түсті комбинезон киген адамның тізерлеп отырғанын көруге болады, оны балаклава киген бес адам қоршап тұр. Олардың бірі араб акцентіне салып, "Аллах ұлы", - дейді. Кадр сыртынан күлгендер мен айтақтағандардың дауысы естіледі. Видео сарғылт комбинезон киген адамның басын ілгектің көмегімен "шауып тастау" қойылымымен аяқталады.

Ұзақтығы жеті секундтық ролик Instagram-ға жарияланды және қайта өшірілді, алайда оны Sun басылымының тілшілері көріп үлгерген. Тілшілер роликті банк өкілдеріне көрсеткеннен кейін, бұған көп ұзамай жауап қайтарылды.

"Біз Sun басылымына жарияланған жиіркенішті видеоны көргеннен кейін оған қатысы бар барлық адамды жұмыстан шығару туралы шешім қабылдадық. Егер ролик біреуді қорласа, кешірім өтінеміз", - деп мәлімдеді HSBC тобы Twitter желісіндегі ресми парақшасында.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети