07 шілде 2015 | 23:41

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналатын фильмнің түсірілімі қаражат жетіспеушілігінен тоқтап қалуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Айжан Түгелбаева ©Айжан Түгелбаева

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналатын фильмнің түсірілімі үзілуге шақ, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Картина бюджетінің қаражаты жетпей жатқаны хабарланып отыр. Сондықтан, мамандар бар ақшаны там-тұмдап жеткізу үшін әскери костюмдердің санын едәуір қысқартыпты. Мәселен, 23 түрлі үлгідегі костюмнен қазір ең қажетті деген 11-ін ғана қалдырған. Жақын күндері бұл киім үлгілері Қытайға жөнелтіліп, ол жақтан тапсырыс бойынша тарихи киімдер тігіледі. Оның өзі тек 70 күннен соң дайын болмақ. Ал, қоржында бар киімдердің тозығы жеткен. Осындай олқылықтың бәрін біліп отырған мәдениет министрлігіндегілер демеушілер іздемек.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналатын фильмнің түсірілімі үзілуге шақ, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Картина бюджетінің қаражаты жетпей жатқаны хабарланып отыр. Сондықтан, мамандар бар ақшаны там-тұмдап жеткізу үшін әскери костюмдердің санын едәуір қысқартыпты. Мәселен, 23 түрлі үлгідегі костюмнен қазір ең қажетті деген 11-ін ғана қалдырған. Жақын күндері бұл киім үлгілері Қытайға жөнелтіліп, ол жақтан тапсырыс бойынша тарихи киімдер тігіледі. Оның өзі тек 70 күннен соң дайын болмақ. Ал, қоржында бар киімдердің тозығы жеткен. Осындай олқылықтың бәрін біліп отырған мәдениет министрлігіндегілер демеушілер іздемек.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған фильмнің түсіріліміне киногерлер қыркүйек айында бірақ кіріспек. Ал, фильм осы жылдың аяғына дейін экранға шығады деп күтілуде. Шығарманың әр бөлімі 50 минуттан тұрады. Фильм өндірісіне, тарихи фильмдермен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар қытайлық әрі Моңғолия мамандары да атсалыспақ. "Сол қаражатқа сыйғызу үшін 2 апта отырып сценарийді қайтадан қарап шықтық. Бұрынғыдай сол 10 серия болып қалады, бірақ оқиға өрбу уақыты қысқарып отыр. Егер бірінші нұсқада Жәнібектің, Жәнібек ханның дүние салуымен, сосын Қасым мен Бұрындыққа өсиет айтуымен біткен болса, ендігі мына қысқартылған нұсқасында Жәнібектің таққа отыруымен ғана аяқталмақ", - деді кинорежиссер Рүстем Әбдірашев.

Еске салайық, қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілетін "Қазақ елі" атты жұмыс атауымен бекітілген 10 бөлімді телефильм көрерменге арналған ең үлкен тарту болады деп күтіліп отыр. Мұнда қазақ хандығының қазығын қаққан Керей мен Жәнібек тұсындағы XV ғасырдағы көшпенді қазақ мәдениеті паш етіледі. Атқамінерлердің киногерлерге артқан жүгі ауыр, белгіленген мерзімі тым қысқа. Шығармашыл топ биылдан қалдырмай фильмді қалың көрерменге ұсынуы тиіс. Алайда, мамандар өз жұмыстарына әлі күнге кірісе алмай отыр. Бюджеттен қарастырылған қаржы аздық етіп, фильмнің сценарийін де, белгіленген материалдарының санын да қайтадан қысқартуға мәжбүр болған. 

"Қаражат сериалға ғана бөлінген. Енді өз басым Рүстем Әбдірашевтің ойын қолдаймын. Бәріміздің мақсатымыз жақсы кино шықса деген ниет. Әрине, тарихи жақсы кино түсіруге бәріміз жан-жақтан көмектесуге дайынбыз", - деді ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, қазақтың сындарлы тарихын паш ететін фильмнің тағдырына алаңдайтын азаматтар жоқ емес. Қазірдің өзінде Иманғали Тасмағамбетов өзінің жеке коллекциясында жинаған әшекей бұйымдарын түсірілім тобына пайдалануға бермек. Қазіргі кезде, киімдер мен қару-жарақты және декорацияларды қайта жаңғырту жұмыстары жүруіп жатыр.

"Фильмге бөлінген қаржы қазіргі күні 5 миллион доллар. Бұл қаржы біздің тек дайындық жұмыстарымыздың шығынын ғана жабады. Оның өзін костюм тігу, декорация жөндеу, актерлерді сынақтан өткізу сынды жұмыстарға жұмсадық. Шынын айтсақ, қаржымыз бітті, тек салық жабатын ақша ғана қалды. Бірақ, ұжым жұмысын тоқтатпайды. Әрмен қарай демеушілер іздейміз", - деді жобаның продюсері Арман Асенов.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer