08 шілде 2015 | 11:19

Ауа райы: Шығыста жаңбыр жауып, батыста күн ыстық болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©news.bigmir.net ©news.bigmir.net

Синоптиктер 9-11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 9-11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Сонымен, синоптиктердің айтуынша, республиканың батыс бөлігінде ауа температурасы орташа көп жылдық температурасынан 4-8 градусқа дейін жоғары көтеріледі деп күтіледі.  "Жоғары барийлі жыра және онымен байланысты суық атмосфералық фронттар өз жолында өткінші жаңбыр, найзағай, екпінді жел, кей жерлерде бұршақ тудыра отырып, Қазақстан аумағы арқылы жылжиды. Фронттардың артынан батыстан антициклон сілемдері таралады, онымен бірге жаңбыр тоқтайды, және республиканың батыс бөлігінде температураның орташа көп жылдық температурадан 4-8 градусқа жоғары көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстанның шығысында жақын арадағы үш тәулікте өткінші жаңбырдың жауатыны хабарланып отыр. Мамандардың айтуынша, ауа температурасы нормадан 1-3 градусқа төмен болады.

Ал осының алдында синоптиктер Қазақстанда шілде айының ауа райы қандай болатынын айтып берген болатын. Қазақстанда шілденің бірінші онкүндігінде салқын, желді әрі жаңбырлы ауа райы күтіліп отыр. Ал шілденің екінші онкүндігінде күн жылы әрі ашық болады. Солтүстік-батыс және солтүстікте күндізгі ауа температурасы 28-33-ке дейін, батыста 33-38, оңтүстікте 35-40, орталық пен шығыста 30-35 градусқа дейін көтеріледі. "Шілдеде батыста ғана ыстық болады деп күтіліп отыр, ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары болады. Еліміздің өзге аймағында температуралық режим орташа климаттық норма шеңберінде болады", - дейді Қазгидрометтегілер.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer