Атырау облысында дәретханадан тірі сәби табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында дәретханадан тірі сәби табылды ©Grodno24.com

Атырау облысында дәреиханадан тірі сәби табылды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" газеті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында дәреиханадан тірі сәби табылды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" газеті.

7 шілдеде күндізгі уақытта аудандық ішкі істер бөліміне жедел медициналық жәрдем фельдшерінен Құлсары қаласында ауладағы дәретханадан сәбидің табылғаны жайлы хабар жетті. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер оқиға орнына келгенде жергілікті тұрғындар жиналып қалыпты, алайда олардың ешқайсысы әрекет ете алмаған. Сәби тірі болды, полиция қызметкерлері дәретхананың ағашын құлатып, құдыққа түсіп, шақалақты алып шыққан. Кейін сәби дәрігерлерге берілді.

Сәби перзентханаға жатқызылды, оның жағдайы қалыпты. Полицейлер сәбидің анасын тапты. Ол Құлсары қаласының 22 жастағы мүгедек тұрғыны болып шықты. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Осыған дейін Ақмола облысында адам шошырлық оқиға болған еді. Бектау ауылындағы қоқыс жәшіктерінің бірінде өртеніп кеткен сәбидің денесі табылды. Тәртіп сақшылары оның анасының қорада босанғанын анықтады. Сәбидің қандай жағдайда қайтыс болғаны белгісіз. Оны шешесі өртеді деген болжам бар. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети