09 шілде 2015 | 11:45

Жаппай төбелестен кейін Ақтоғай кен орнында құрылыс жұмыстары штаттық режимде жүріп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©kazminerals.com ©kazminerals.com

Ақтоғай кен орнында құрылыс жұмыстары штаттық режимде жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтоғай тау-байыту кешенінде жағдай бақылауға алынған. Кеше, 8 шілдеде, түстен кейінгі уақытта Ақтоғай кен орнында мердігер ұйым жұмысшылары арасында қақтығыс болған еді. Кешкі уақытта жағдай қалпына келтірілді, тергеу жүріп жатыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтоғай кен орнында құрылыс жұмыстары штаттық режимде жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтоғай тау-байыту кешенінде жағдай бақылауға алынған. Кеше, 8 шілдеде, түстен кейінгі уақытта Ақтоғай кен орнында мердігер ұйым жұмысшылары арасында қақтығыс болған еді. Кешкі уақытта жағдай қалпына келтірілді, тергеу жүріп жатыр.

Тәртіп сақшылары оқиғаның 8 шілде күні "Қазақмыс" корпорациясының тау-байыту комбинатының асханасында болғанын айтып берді. Ас ішу кезінде жұмысшылардың бірі оның сапасының нашар екендігін айтып, комбинат аспазына дене жарақатын салды, бұл жағдай кәсіпорын жұмысшыларының бір-бірімен төбелесуіне себеп болды. Ақтоғай ауылдық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келген кезде төбелес аяқталды. 

"Төбелес салдарынан комбинаттың бірнеше ондаған жұмысшысы зардап шекті, оның ішінде ҚХР-дің бірнеше азаматы бар. Олар Өскемен мен Аягөз қалаларының медициналық мекемелеріне жеткізілді. Дене жарақатын салу және бұзақылық әрекеттер дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. ", - делінген ІІД хабарламасында.

"KAZ Minerals тобы құрылыста жұмыс істейтіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұл оқиғаның салдарынан шұғыл арада өту үшін болған оқиғаның әділ әрі нақтылай тергелуіне мүдделі", - делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, сонымен қатар, оқиға орнында жергілікті атқарушы билік пен "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС басшылығы бар.

"8 шілдеде кешкі уақытта ШҚО Ішкі істер департаменті кен орнында Қазақмыс Корпорациясының атын атап, онда қақтығыс болғаны жайлы хабарлады. Оның Ақтоғай кен орнына еш қатысы жоқ, сәйкесінше, бұл оқиғаға қатысты емес. Ақтоғай мыс кен орны - KAZ Minerals Тобының активі, ол Қазақмыстың қайтақұрылымдауы кезінде құрылған", - деп хабарлады баспасөз өкілдері.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer