09 шілде 2015 | 15:08

Таразда соққыға жығылған бала анасын әлі де қорғаштап отыр - бейімдеу орталығының басшысы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
YouTube кадры YouTube кадры

Тараздағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағылар анасы соққыға жыққан 6 жасар Серік Басмановтың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews TV. Орталық басшысы Тоғжан Татаеваның айтуынша, бала тергеу аяқталғанша орталықта болады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тараздағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағылар анасы соққыға жыққан 6 жасар Серік Басмановтың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews TV. Орталық басшысы Тоғжан Татаеваның айтуынша, бала тергеу аяқталғанша орталықта болады.

Анасы соққыға жыққан 6 жасар Серік Басманов қорғаншылық органдары тергеуді аяқтағанша орталықта болады. "Ол басында қатты қорықты, жасқанды. Бірақ қазір үйренді. Балалармен ойнайды, пластилин сұрайды. Ол өте білімқұмар, логикалық тапсырмаларды жақсы орындайды, баланың даму деңгейі өте жоғары және өзімен қатарластардан озық деуге де болады", - дейді Татаева.

Орталық басшысының сөзіне қарағанда, соққыға жығылған баламен екі психолог жұмыс істеп жатыр және олар ешқандай психологиялық проблеманы тапқан жоқ. Татаеваның айтуынша, бала анасының оны қашан алып кететін үнемі сұрайды. Орталық қызметкелерінің айтуынша, анасы мен баласы кездесіп үлгерген және араларында ешқандай өкпе-реніш қалмапты. Ұл баланың денесіндегі жарақаттар жазылды. Серік жарақаттардың қандай жағдайда алынғаны туралы әлі айтпай отыр. "Сұрақ қойыла бастаса, үндемей, ештеңе айтқысы келмейді. Ол әлі де анасын қорғаштап отыр", - дейді Татаева.

Еске салайық, осыған дейін Таразда ұрып-соғылған 6 жасар баланың видеосы Интернетті дүрліктірген болатын. Кадрларда дүкендердің бірінің жұмысшыларының баланың көптеген жарақаттарын таңып жатқаны көрінеді. Ал кадр сыртындағы адамдар баланы шешесі ұрды деп, оның ісін сөгеді. Алайда видеоны түсіріп тұрғандардың бірі баланың ылғи да осылайша жарақаттармен келетінін айтады. Бала болса әлденеден қорқып қалған, өзінің тұрғылықты мекен-жайы мен телефонын айтудан бас тартады. Баланы ұрып-соғу дерегі бойынша "Кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттемелерін және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармау, оларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer