09 шілде 2015 | 17:49

"Адем" сауда орталығының сатушылары құқыққорғаушы Резванның әрекеттеріне наразы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Өрттен кейінгі "Адем". © Дмитрий Хегай Өрттен кейінгі "Адем". © Дмитрий Хегай

"Адем" сатушылары сауда орталығының басшылығын сынға алған құқыққорғаушы Василий Резванның әрекеттеріне қатысты наразылықтарын білдірді, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Адем" сатушылары сауда орталығының басшылығын сынға алған құқыққорғаушы Василий Резванның әрекеттеріне қатысты наразылықтарын білдірді, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін құқыққорғаушы Василий Резванның "Адем" сауда ортылығының шын мәнінде қанша аумағы өртенгенін айтып, жайып салғаны хабарланған болатын. Оның айтуынша, өртенген аумақтың көлемі барлық құжатта екі есе аз көрсетілген. "Қазір біздің арамызда кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын Василий Резван деген азамат бар. Осы азамат санаулы кәсіпкерлердің мүддесіне бола, барлық жалға алушылардың атынан сөйлеп жүр. Біздің арамыздағы кейбір кәсіпкерлер жаңа орындардан бас тартып, "сапасы нашар, бұл сауда үйі ертең тағы өртеніп кетеді, бізге ақша керек" деп наразылық білдіруде. "Кәсіпкерлер палатасы", "Адем" басшылығы бізге тығырықтан шығуға көмектескісі келіп, диалог орнатуға шақырса, осы адамдар келеді де шу шығарып кетеді. Бұлар өтемақы талап етеді, ал әкімші тарап бұларға өтемақы беретін болса, қаржының аздығынан бізге берілуі тиіс жаңа орындардың құрылысы тоқтап қалады. Осылайша біздің ісіміз алға баспай тұр. Ал біз тамыз айында жаңа орындар алып, жұмысымызды бастап кетуіміз керек еді", - дейді кәсіпкер Мария Противинева.

Осылайша "орынсыз шарт қоюшылардан шаршадық" деген топ "Адем 4" сауда үйінен тезірек жаңа орын алып, жұмысымызға кіріссек деп отыр. Жаңа сауда орнына шыққысы келетін топтың айтуынша, әкімші тарап сауда нүктелерін алты ай мерзіміне дейін тегін береді. Кәсіпкерлер "сол алты айдың ішінде шыққан шығынымызды өтеп алуға болады" дейді.

"700-дей адам сол жұмыс орнымызға қарап отырмыз. Ал енді міне үш-төрт адам, көрдіңіздер ғой, олар ана жаққа да, мына жаққа да барады. Мәселенің мән жайын дұрыс түсіну керек. Біз мысалы көшеге шығып айғайласақ кімге пайда? Бізге жұмыс орны түсе ме, түспейді. Сондықтан бәрін жұмыс уақытында адамша шешу керек қой", - дейді сатушы Рысбике Айсаубаева.

Тағы бір сатушының сөзіне қарағанда, өрт "Адемдегі" 1685 сауда нүктесін түгел шарпып, 1125-ке жуық жалға алушы зардап шеккен. "Өрт "Адемдегі" 1685 сауда нүктесін түгел шарпып, 1125-ке жуық жалға алушы зардап шекті. Өртеніп кеткеніне үш айдың жүзі болса да зардап шеккен кәсіп иелері әлі де толыққанды жаңа сауда жасау нүктелеріне орналастырылмаған. Әзірше мұндағы зардап шеккендердің 300-не ғана жаңа сауда нүктелері берілген. Ал қалған 700-дей адам жаңа "Адем 4" сауда жасау орталығына тамыз айының соңына дейін көшіріледі. Бірақ бұл арада шыққан шығындарына қомақты сома талап етіп, "Адем" сауда үйіне енді қайтара барғысы келмейтіндер де бар", - дейді Гүлмира Дехғани.

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығының 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Тілсіз жау 26 сәуірде кешкі уақытта басталды. Оқиға салдарынан жалға алушылардың көпшілігі қажетті құжаттарынан айырылды, олардың ішінде жалға алу туралы келісімшарттар да бар. Құжаттар сауда орталығының ғимаратында қалды. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде автоматты түрде дабыл қағатын жүйе ме өртсөндіру құрылғылары істен шыққан және сырттағы өртке қарсы сумен жабдықтау желісінде су болмаған. Сонымен қатар, сарапшылар "Адем" сауда үйіндегі өрттен келген шығынның алдын ала көлемін атады. Шығынның алдын ала көлемі 5,3 миллиард теңгеге бағаланды. Алайда есептелген өтемақының сатушылардың тауарларына қатысы жоқ, бұл сома ғимарат шығыны үшін төленеді.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer