Астанада алты құрылысшы 20 метр биіктіктен құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада алты құрылысшы 20 метр биіктіктен құлап кетті © "Барыс" ХК баспасөз қызметі

Астанада алты құрылысшы 20 метр биіктіктен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше жағдай "Көп атқарымдық мұз сарайының" құрылыс алаңында болды, салдарынан үш монтаждаушы қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

"Бүгін сағат 11.04-те "Есіл" ауданында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде, Тұран даңғылы бойындағы "Көп атқарымдық мұз сарайының" жаңа құрылыс нысанында 20 метр биіктіктен алты монтаждаушы-жұмысшы құлап кетті, олардың үшеуі алған жарақаттарынан көз жұмып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз хатшы Аягөз Фазылова.

Фазылованың хабарлауынша, қаза тапқандардың бірінің кім екені анықталды, ол 1981 жылы туылған және ауруханаға жеткізілгендердің бірі 1979, екіншісі 1956 жылғы. Зардап шеккендер №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы Mabco Construction S.A. фирмасының Астана филиалында жұмыс істейді. Астаналық құтқарушылардың алдын ала мәліметтері бойынша, олардың барлығы Косово Республикасының азаматтары. Еңбек инспекциясы бойынша басқарманың мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты комиссия құрылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети