Алмаз Ержан "Бәйтерек" ұлттық холдингінің кеңесшісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмаз Ержан "Бәйтерек" ұлттық холдингінің кеңесшісі болды © Facebook.com

Белсенді, қоғам қайраткері Алмаз Ержан "Бәйтерек" холдингінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белсенді, қоғам қайраткері Алмаз Ержан "Бәйтерек" холдингінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол өз қызметіне 2015 жылдың маусымында кіріскенін айтты. Блогер Алмаз Ержан әлеуметтік желілерде мүгедек жандардың мәселелерін көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынады. Оның айтуынша, ол "Бәйтерек" холдингінің блогерлер қатысқан конференциясында өз ұсыныстарын айтқан.

"Әлеуметтік блок жөніндегі мәселені көтердім", - деді ол. Осыдан кейін Алмаз Ержан "Бәйтерек" холдингінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болған.

"Менің міндетім - әлеуметтік сипаттағы мәселелерді көтеру. Өзімнің ekomek қоғамдық қорым туралы ұсынысыммен шықтым. "Бәйтерек" көмегімен Қазақстандағы 620 мың мүгедек жандардың қызығушылықтарын көрсетіп, олардың мәселелерін қозғағым келді. Өзім арбаға таңылған жанмын. Мұның не екенін білемін. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек бергім келді", - деді Алмаз Ержан.

Ол холдингке аптасына екі рет баратынын айтты. "Мен үнемі байланыстамын, кез келген уақытта бара аламын. Сұрақтары бар мүгедек жандарды қабылдаймын. "Даму" мүгедек кәсіпкерлерді қолдау жұмыстарын бастап кетті", - деді белсенді. Алмаз Ержан холдинг кеңесшісі ретінде орындайтын бірнеше жоспары бар екенін айтты.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети