Абай көшесінде арнайы жолаққа қойылған 80 автомобиль айып тұрағына әкетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай көшесінде арнайы жолаққа қойылған 80 автомобиль айып тұрағына әкетілді © Николай Колесников

Алматыда бір ай ішінде Абай көшесіндегі қоғамдық көліктерге арналған жолаққа автомобиль қойғандары үшін 80 жүргізушіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бір ай ішінде Абай көшесіндегі қоғамдық көліктерге арналған жолаққа автомобиль қойғандары үшін 80 жүргізушіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бір айда арнайы жолақта полицейлер 771 заңбұзушылықты анықтады. Олардың көбі Абай көшесінің бойындағы арнайы жолақта жолаушы мінгізу, түсіру, сонымен қатар жеке автомобильдердің осы жолақпен жүруі. 78 жүргізушіге көлігін жол бойына қойғаны үшін айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматы әкімдігі Абай көшесіндегі жолақ пайда болғаннан бері қоғамдық көліктерге отыратындар саны 17-19 пайызға өскені хабарлаған болатын. Ол Абай көшесінің Момышұлы мен Достық даңғылы аралығында пайда болды. 2015 жылдың 15 маусымынан бері арнайы жолақпен жүрген жеңіл автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салына бастады. Айыппұл көлемі 5-10 АЕК көлемінде, яғни сәйкесінше 10-20 мың теңге аралығында.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети