Зорлық пен педофилия үшін түрмеге отырғандар Қазақстанға кіргізілмейтін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зорлық пен педофилия үшін түрмеге отырғандар Қазақстанға кіргізілмейтін болады ©rubb.ru

Зорлық пен педофилия үшін түрмеге отырғандар Қазақстанға кіргізілмейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада зорлыққа, оның ішінде кәмелет жасына толмағандарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықпен күрес бойынша брифинг өтті. Бас прокурордың орынбасары балаларға қарсы зорлық жасаған қылмыскерлерге қатысты қабылданып жатқан шаралар жайында айтып берді.

"Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалдық мәндегі қылмыс жасағандарға жазаны қатаңдату ұсынылып отыр. Екіншіден, біздің ойымызша, мұндай адамдарға жазасын өтіп шыққаннан кейін де әрмен қарайғы бақылауды күшейту қажет. Интернет кеңістігін сексуалдық әрекеттерді және балалар порнографиясын насихаттайтын мәліметтерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет, балалардың осыған ұқсас дүниелері бар Интернеттен байланысын үзу керек. Төртіншіден, шекараларда да жұмыс істеуіміз керек деп ойлаймыз. Бізге осындай қылмыс жасаған азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар кірмеуі тиіс", - деп мәлімдеді Андрей Кравченко. Сонымен қатар, ол осы айтылған шаралардың қоғам тарапынан белгілі бір қолғабыс болса нәтиже беретінін атап өтті.

Айта кетейік, биылғы маусымда Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев балалардың сексуалдық мәндегі шабуылға жиі ұшырап жатқанына алаңдаушылық білдірген еді. Сол уақытта ол статистиканы келтіріп, балаларға жастайынан төнетін қатердің белең алғанын мәлімдеген болатын. Оның келтірген мәліметіне қарғанда, 2014 жылы 900-ден аса баланың зорлықшылардың құрығына түскен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети