Мәжіліс депутаты Досмұхамбетов отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Досмұхамбетов отставкаға кетті © Ярослав Радловский

Парламент Мәжілісінің депутаты Темірхан Досмұхамбетов қызметінен кету туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Парламент Мәжілісінің депутаты Темірхан Досмұхамбетов қызметінен кету туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлының депутаттық құзыреттілігін дереу тоқтату шешімі қабылданды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Досмұхамбетов 2012 жылдың қаңтарында Парламенттің төменгі палатасының депутаты болды. Ол Мәжілісте халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс комитетіне кірді. Бірнеше жыл бойы туризм және спорт министрі болды, Президенттің, Астана әкімі істерінің басшысы болды. Сонымен қатар, ол ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті.

 
Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.24  course up  591.85  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети