"Славян базары - 2015" байқауының жеңімпазы, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресей ақпарат құралына байқаудан кейінгі әсерін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Славян базары - 2015" байқауының жеңімпазы, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресей ақпарат құралына байқаудан кейінгі әсерін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресейдің "Мир 24" арнасына берген сұхбатында Димаш конкурсқа келгендегі басты мақсатын айтты. "Олардың домбыра үнін естуінің өзі мен үшін жеңіс. Мен мұнда әлемдік хитті орындау үшін емес, славяндарға қазақ әндерін тыңдату үшін келдім", - деді Димаш. Қазақстандық әнші Астана қаласында жеке концерт беруді армандайтынын, сол үшін еңбектенетінін айтты.
Димаш Құдайбергенді тілші әйгілі Витаспен салыстырды. Қазақстандық әнші көпшіліктің өзін танымал әншімен салыстыратынына қуанатынын, дегенмен кәсіби деңгейде айырмашылықтар барын айтты. "Табиғатымнан дауысыма 5 октава берілген, 4,5 октаваны игере аламын", - деді ол.
Әнші музыкалық мансабы үшін бәріне дайын екенін айтты.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов 11-13 шілде аралығында өткен "Славян базары-2015" конкурсында Гран-при иеленген болатын. Ол Қазақстан Тәуелсіздік алған 24 жылда осы жобаның бас жүлдесін иеленген қазақстандық алғашқы әнші болды. Димаш конкурстың бірінші күнінде Константин Меладзенің "Опять метель" әнін, екінші күні француздың Sos dun terien un detresse әнін орындады.