Астанада 20-дан аса адам тәтті наннан уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 20-дан аса адам тәтті наннан уланды ©mrtravel.gr

Астанада тәтті наннан 20 адам уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне сілтеме жасап.


Астанада тәтті наннан 20 адам уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне сілтеме жасап.

"Астана қаласының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан өткір ішек инфекциясының 21 жағдайына және балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан жаңғақ дәні бар тәтті наннан улану дерегіне байланысты шұғыл хабарлама келіп түсті. Бұл тәтті нандар Қарасай батыр 1 көшесінің бойындағы "Забава" дүкенінің нан сататын бөлімінде алынған, "Забава ЭКСПО" ЖШС", - делінген хабарламада.

Ауруханаға түскен 16 адамның "Әділет" қоғамдық бірлестігі арқылы моральдық және материалдық шығын ретінде шамамен 13 миллион теңге өндіру бойынша "Забава ЭКСПО" ЖШС директоры Нейфельд Елена Николаевнаға шағым түсіруге ниетті екені хабарланып отыр. Ол тәтті нан өнімі дайындалған орынды жеке кәсіпкер Хорошун Татьяна Николаевнаға жалға берген. 

Сонымен қатар, улану дерегі бойынша, Департамент мамандарының 12 шілдеде Қарасай батыр 1 көшесінің бойында орналасқан "Забава" дүкеніне кезектен тыс тексеріс жүргізгені анықталды. Тексеріс кезінде шағын цехтың өнімді Департамент рұқсатынсыз дайындағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта шағын цех жұмыс істеп тұрған жоқ.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.24  course up  591.85  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети