17 шілде 2015 | 09:27

Украинадағы Boeing апатының орнында түсірілген тұңғыш видео жария болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Youtube кадры ©Youtube кадры

News.com.au аустралиялық порталы Украинаның оңтүстік шығысындағы Boeing-777 апатының орнында түсірілген тұңғыш видеоны бір жылдан кейін жария етті, бұл видеода ұшақтың құлағанынан кейінгі сәттер бейнеленген, - деп хабарлайды Lenta.ru.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

News.com.au аустралиялық порталы Украинаның оңтүстік шығысындағы Boeing-777 апатының орнында түсірілген тұңғыш видеоны бір жылдан кейін жария етті, бұл видеода ұшақтың құлағанынан кейінгі сәттер бейнеленген, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Жазбада әскерилердің қаза болғандардың сөмкелерін қарап, жеке заттары мен ұялы телефондарын жинап жатқаны көрінеді. Жасақ командирлерінің бірі штабқа телефон соғып, екі ұшақтың болғанын хабарлайды. Кейін ол әуе апаты болған жерден қаза болған бейбіт тұрғындарды тығып, өзін камераға түсірмеуді сұрайды. Сонымен қатар, ол өз қоластындағыларға борттағы "қара жәшіктерді" іздеуге бұйрық береді. 

Ескерту! Видеода кісі өлімі көрсетілген кадрлар бар!

News.com.au басылымы толықтай жария етпей отырған 17 минуттық кадрда жасақ командирінің телефон арқылы Руслан есімді адамға Boeing ұшағын жойғыш ұшақтың атып түсіргенін айтады. "Олар бейбіт тұрғындар отырған ұшақты "Сухой" [жойғыш] атып түсірді дейді, ал біздікілер жойғышты атып түсірді", - деп мәлімдейді ол. Жойғыш ұшақтың қайда екені жайлы сұраққа командир жауап бере алмайды. Сонымен қатар, ұшақтан бес адамның парашютпен секіргенін еске салады және олардың қонған жеріне баруға уәде береді.

Командир стюардессаның жеке куәлігін көрсетеді. "Көрдің бе, олар шетелдіктер, малаилар", - дейді ол. Алайда тағы бір сарбаз Boeing ұшағы үшін әуе дәлізін кімнің ашқанын сұрайды.

Еске сала кетейік, Malaysia Airlines компаниясының ұшағы Украинаның Донецк облысында 17 шілденің екінші жартысында апатқа ұшыраған еді. Оның бортында болған 280 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі түгел қаза тапты. 

Boeing-777 Амстердамнан ұшып шығып, Куала-Лумпурды бетке алған. Малайзиялық әуе компаниясының баспасөз хабарламасына сүйенген РИА Новости басылымының хабарлауынша, украиналық диспетчерлер Мәскеу уақыты 18.45-те Ресеймен арадағы шекарадан 50 шақырым жерде ұшақпен байланысты жоғалтқан.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer