17 шілде 2015 | 11:11

Әбенов Порошенко мен Қазақстан "әнұраны" туралы ролик үшін LifeNews сайтын елімізде таратпауды талап етті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
LifeNews басылымының Facebook-тегі ресми парақшасынан алынған скриншот LifeNews басылымының Facebook-тегі ресми парақшасынан алынған скриншот

"Өрлеу" Ұлттық орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов ресейлік LifeNews басылымының әлеуметтік желіде жариялаған видероликтеріне қатысты наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әңгіме Украина президенті Петр Порошенконың әнұран айтып тұрғаны түсірілген видеоға атышулы "Борат" фильміндегі Қазақстанның "әнұранын" салып, жазылған видеороликтер жөнінде.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Өрлеу" Ұлттық орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов ресейлік LifeNews басылымының әлеуметтік желіде жариялаған видероликтеріне қатысты наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әңгіме Украина президенті Петр Порошенконың әнұран айтып тұрғаны түсірілген видеоға атышулы "Борат" фильміндегі Қазақстанның "әнұранын" салып, жазылған видеороликтер жөнінде.

Әбеновтің Facebook әлеуметтік желісіне жазған пікірінше, мемлекеттік органдар Қазақстан аумағында LifeNews сайтының таралымына тыйым салуға міндетті. "Қазақстанды қорлаған видеоны өшіртіп, кешірім сұрауды талап ету керек. Бізде ондай құқық бар ғой. Бас прокуратураның елімізді ашық түрде Интернет арқылы осылай қорлап жатқандарға неге жауап бермейтінін түсінбеймін. Электронды БАҚ-ты бақылауы тиіс біздің шенеуніктерді жауапкершілікке тартып, шараның қолданылуына бастамашылық ету керек. Біздің Заңды қалай бұзып отырғандарын көріп ресми түрде әрекетсіздік деп тану қажет. Біз бұл ережелерді өзіміздікілерді жазалау үшін ғана жетілдірмейміз ғой. Немесе достастық еліне қарсы кезекті рет үндемей қаламыз ба. Іштен тынамыз... Мен, мысалы, ҚР Азаматы ретінде менің елімнің абыройын сақтауды талап етемін! Қажет болса ресми үндеу жазуға дайынмын", - деп жазды Әбенов Facebook желісінде.

Еске сала кетейік, "Борат" фильмінде ұлыбританиялық комик Саша Барон Коэн түсті, ол сценарийдің бірлескен авторы және фильм продюсерлерінің бірі. Бұл картина Қазақстанда, Ресейде, Беларусь, Иордания, Кувейт, Бахрейн, Оман және Катарда көрсетілген жоқ.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer