20 шілде 2015 | 10:28

Ақын-жазушыларға арналған "Алтын тобылғы" байқауы басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©kazradio.kaztrk.kz ©kazradio.kaztrk.kz

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры құрған "Алтын тобылғы" әдебиет жүлдесін беру тәртібі белгіленді. Бұл туралы "Әдебиет порталы" хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры құрған "Алтын тобылғы" әдебиет жүлдесін беру тәртібі белгіленді. Бұл туралы "Әдебиет порталы" хабарлады.

Хабарда жүлденің мақсатының қазіргі заманғы қазақ әдебиетін дамыту және насихаттауға көмек көрсету болып отырғаны жазылған. Жүлденің ұйымдастырушысы және құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры. Жүлде конкурстық негізде келесі номинациялар бойынша беріледі: "Жылдың үздік прозасы", "Жылдың үздік поэзиясы", "Жылдың үздік драматургиясы", "Жылдың үздік балалар әдебиеті", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Мәңгілік ел" идеясына арналған үздік шығарма". Сонымен қатар, жеңімпаздарға "Алтын тобылғы" әдебиет жүлдесінің лауреаты атағы және 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық беріледі. Ал "Мәңгілік ел" аталымы бойынша жеңімпазға 1,5 миллион теңге мөлшерінде арнайы жүлде тағайындалады.

Конкурстық жұмыстарды ұсыну мерзімі 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қарашаға дейін. Байқау қорытындысы 2015 жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады. Жұмыстарды конкурсқа ұсыну тәртібін мына жерден көре аласыздар. 

Айта кетейік, қолжазбаларды және жеңімпаздарды (лауреаттарды) бағалауды Жүлденің Құрылтайшысы Қазақстанның белгілі жазушылары мен ақындарынан, сондай-ақ кемінде 7 мүшеден тұратын Жүлде Құрылтайшысының және әріптестерінің, баспа қызметінің өкілдерінен құратын конкурстың қазылар алқасы жүзеге асырады. "Объективтілікті сақтау мақсатында барлық жұмыстар анонимдік принциптерді сақтай отырып бағаланады. Жұмыстарды бағалаған кезде қазылар алқасы келесі критерийлерді басшылыққа алады: тақырыптың өзектілігі және сонылығы, баяндау мәнерлігі/ бейнелеу өнері", - делінген Ережеде.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer