Шығыс Қазақстанда екі бала мен бір ер адам отырған көлік аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда екі бала мен бір ер адам отырған көлік аударылып қалды © nahnews.org

Шығыс Қазақстан облысында екі бала мен бір ер адам отырған көлік жол апатына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында екі бала мен бір ер адам отырған көлік жол апатына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Аягөз ауданында Өркен ауылына жақын маңда болған. "Ваз 2107" жеңіл автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып, рульге ие бола алмай, көлік аударылып қалды. Соның салдарынан 34 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан сол жерде қаза болып, 13 жастағы қыз ауруханаға жетпей көз жұмды. Ал 7 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

"Бұл дерекке қатысты 345-баппен қылмыстық өндіріс қозғалды. Сонымен бірге, бірқатар сараптама тағайындалды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

 
Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.24  course up  591.85  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети