20 шілде 2015 | 11:34

Анасы ұрып-соққан тараздық баланың ісі бойынша қосымша сараптамалар тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©YouTube кадры ©YouTube кадры

Анасы ұрып-соққан тараздық бала ісі бойынша қосымша сараптамалар тағайындалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Осыған дейін жеті жасар Серік Басмановты оның анасы тәрбиелеу мақсатында ұрып-соққаны хабарланды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Анасы ұрып-соққан тараздық бала ісі бойынша қосымша сараптамалар тағайындалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Осыған дейін жеті жасар Серік Басмановты оның анасы тәрбиелеу мақсатында ұрып-соққаны хабарланды.

"Тергеу әзірше аяқталған жоқ, қазіргі уақытта биологиялық және психологиялық сараптама тағайындалды. Баланың анасы да тексеріледі. Бұл шара екі аптадан бір айға дейін созылуы мүмкін, кейін бұл іс сотқа беріледі. Әйел үйінде, тергеушілер одан жауап алды. Ол баласын тәрбиелеу мақсатында ұрып-соққанын мәлімдеді. Ал баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Оның жағдайы қалыпты", - деді ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, осыған дейін Таразда соққыға жығылған 7 жасар баланың видеосы Интернетті дүрліктірген болатын. Кадрларда дүкендердің бірінің жұмысшыларының баланың көптеген жарақаттарын таңып жатқаны көрінеді. Ал кадр сыртындағы адамдар баланы шешесі ұрды деп, оның ісін сөгеді. Алайда видеоны түсіріп тұрғандардың бірі баланың ылғи да осылайша жарақаттармен келетінін айтады. Бала болса әлденеден қорқып қалған, өзінің тұрғылықты мекен-жайы мен телефонын айтудан бас тартады. Видео YouTube ресурсына салынғаннан кейін бірнеше күн ішінде 40 мың рет көріліп үлгерді. Кейін Полиция Таразда соққыға жығылған бала түсірілген видеоға түсінік берді. Полиция өкілдерінің айтуынша, баланы ұрып-соғу дерегі бойынша "Кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттемелерін және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармау, оларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer