20 шілде 2015 | 13:27

Жақсыбеков Астанадағы қоғамдық тамақтану орындарын мұқият тексеруді тапсырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Mgorod.kz © Mgorod.kz

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Астанадағы қоғамдық тамақтану орындарын мұқият тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Астанадағы қоғамдық тамақтану орындарын мұқият тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін кезекті аппарат отырысы барысында қалада санитарлық нормаларды қамтамасыз ету және қоғамдық тамақтану саласына қойылатын талаптар, сондай-ақ, бөлшек сауда мәселелері талқыланды.

Жақсыбеков тұрғындарға қызмет көрсететін мекемелер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай тексеруден өтулері керек екенін ескертті.

"Кейбір мекемелер өндіріс мәселесіне, техперсоналдың жұмысына қажетті көңіл бөлмейді. Сондықтан тиісті құзыретті қызметтер, олардың қатарында Тұтынушылардың құқықтарғын қорғау департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы бар, бұл мәселеге тиісті бақылау жүйесін қамтамасыз етулері қажет", - деді әкім.

Қалалық қызметтердің жұмысы туралы айта отырып, елорда басшысы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай барлық тапсырмаларды орындау керектігін ескертті. Ол 2016 жыл ауқымды шараға дайындықтың қорытынды жылы екенін және ол уақытқа дейін барлық мақсаттар діттеген межеге жетуі керектігін атап өтті.

"Жоспарларымызды қайта қарап шығуымыз қажет, атқарылған істер мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын шаруаларды сараптау керек. Тұрғындар елорданың дамып жатқанын сезінулері үшін олардың өмірін көркейтіп, әл-ауқатын арттыруы қажет. Біздің мақсатымыз – барлық жасалып жатқан жұмыстарды одан әрі жетілдіре түсу - абаттандыру, тазалау, халыққа қызмет көрсету түрлерінің жаңа мүмкіндіктерін іздеу, мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту, бұл процесске бизнес құрылымдарды тарту", - деп қорытындылады әкім.

Айта кетейік, бұған дейін Астана әкімі елордадағы қоғамдық тамақтану орындарына рейд жүргізуді тапсырған болатын. Тексеріс жүргізуге Астанадағы тамақтан улану жағдайжары себеп болды. Сонымен қатар, Интернетте дәмханасының витринасында жүрген егеуқұйрықтар туралы видео да әлеуметтік желі де жарияланған болатын.

 

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer