22 шілде 2015 | 13:40

Қазақстандықтар зейнетақы жинағы туралы ақпаратқа қалай қол жеткізе алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© creditovgrad.ru © creditovgrad.ru

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтар үшін жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратқа қол жеткізу тәсілдерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтар үшін жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратқа қол жеткізу тәсілдерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БЖЗҚ мәліметінше, "ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес, қор салымшыларға жылына кемiнде бiр рет оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беруге міндетті. Ал жыл сайын мұндай ақпаратты алу тәсілін салымшының өзі шот ашу туралы өтініш жазғанда немесе хабарлау тәсілін таңдау туралы қосымша келісімге қол қойған кезде анықтайды. Сөйтіп, салымшы мына тәсілдердің бірін таңдай алады: салымшының электрондық мекенжайына хабарлама жіберу; салымшының "БЖЗҚ" АҚ-қа өзінің баруы; берілген логин мен парольді немесе ХҚО-дан алған электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, Интернет (www.enpf.kz) қызметтері арқылы алу; халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе пошта арқылы (көрсетілген пошталық мекенжайға) алу.

Сонымен қатар, егер салымшы өзінің жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы толығырақ ақпарат алғысы келсе, бұл тәсілдермен қоса e-gov.kz электрондық үкімет сайты арқылы немесе ұялы құрылғыларға арналған БЖЗҚ арнайы қосымшасының көмегімен қол жеткізе алады.

Айта кетейік, салымшы үзінді көшірме жасау үшін кез келген кезеңді қоя алады (бір күннен бастап бірнеше жылға дейін) және ол ақысыз беріледі.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer