22 шілде 2015 | 19:00

Қызылорда облысында әйел адам өзінің 7 жасар ұлын қорлады деп айыпталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© mnenie.dp.ua © mnenie.dp.ua

Қызылорда облысында әйел адам өзінің 7 жасар ұлын қорлады деп айыпталды, - деп хабарлайды 24.kz. Бақылау органындағылардың айтуынша, баланың қорланғанын балабақшаның қызметкерлері байқаған, олар баланың денесіндегі зорлық-зомбылық белгілерін бірнеше рет көріпті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында әйел адам өзінің 7 жасар ұлын қорлады деп айыпталды, - деп хабарлайды 24.kz. Бақылау органындағылардың айтуынша, баланың қорланғанын балабақшаның қызметкерлері байқаған, олар баланың денесіндегі зорлық-зомбылық белгілерін бірнеше рет көріпті.

Олардың айтуынша, әйел өз баласын сотқарлығы мен тәртіпсіздігі үшін былайша жазалаған: оқтаумен ұрған, үстіне қайнаған су құйған, саусақтарын пышақпен кесіп, қылғындырған. 2015 жылы қаңтарда бала ауруханаға түсті. Дәрігерлер баланың миының шайқалғанын анықтады, сонымен қатар, денесінің көп бөлігі көгеріп, қанды ісіктер мен күйіктер болған.

Бала тек маусым айында оңашаланды. Ұл бала Қызылорданың кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына ауыстырылды. "Біз баланың денесіндегі жарақаттардың, күйіктің, тырнақ пен қылғындырудың іздерін байқадық. Бірінші күндері ол мүлдем сөйлеген жоқ, үрейленді, балалармен бірге ойнаудан, тамақ ішуден бас тартты. Қазір оның психологиялық жағдайы жақсарды. Біз балаға психодиагностикалық көмек көрсетіп, психологиялық әдістермен емдеу шараларын жүргізіп жатырмыз", - деді орталықтың психологы Меруерт Жұмашева.

Өз кезегінде, орталықтың басшысы Нұргүл Қабжанова әйелді ата-ана құқығынан айырудың оңай болмайтынын айтты. "Баланың тағдыры қазір үлкен мәселе болып тұр. Себебі оның өгей ағасы мен әпкесі бар. Заңға сәйкес, бір отбасының балаларын ажыратуға болмайды. Біз әйелді ата-ана құқығынан айырып, тек бір баласын тартып ала алмаймыз. Мемлекет бір жағдайда ғана баланы өз қамқорлығына ала алады - егер анасы баласынан өздігінен бас тартса", - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, баланы қорлаған отбасын тексеру жұмыстары екі ай бойы жүргізіледі, оның барысында қалған екі балаға қарау жағдайының қандай екені бақыланады. "Сот бұл іске қатысты нақты шешімді барлық жағдай анықталғаннан кейін ғана қабылдайды", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer