23 шілде 2015 | 11:40

Байланыс операторлары алматылықтарға сел жөнінде sms таратудан неліктен бас тартқандарын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Коллаж © Tengrinews.kz Коллаж © Tengrinews.kz

Ұялы байланыс операторлары мен төтенше жағдайлар департаментінің арасында 23 шілде күні болған селге қатысты sms таратуда түсініспестік туындады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Картел" ЖШС-ның қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Алексей Бендзь хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұялы байланыс операторлары мен төтенше жағдайлар департаментінің арасында 23 шілде күні болған селге қатысты sms таратуда түсініспестік туындады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Картел" ЖШС-ның қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Алексей Бендзь хабарлады.

Оның айтуынша, таңертеңгі сағат 08.30-да Алматы ТЖД өкілдерінен қоңырау түскен, олар сел туралы хабарлама таратуды өтініпті. Алайда ұялы байланыс операторы төтенше жағдай қаупі болмағандықтан, олай істеуден бас тартқан. Бендзь мәліметінше, жүйе толық жұмыс істемейді, сондықтан осындай келеңсіздік орнады, сонымен қатар, дейді ол, оператор нұсқамаға сай әрекет еткен. "Келісімшарт бойынша, біз ТЖ қаупі болған кезде ғана хабарлама тарату керекпіз, ал қалғаны жазылмаған. Сондықтан бұл жерде адами фактор жоқ, біздің оператор нұсқаманы орындады. Дегенмен, біз хабарлама таратуды бастадық, әлі де жалғасып жатыр", - деді Бендзь. 

Tele2 байланыс операторының мәліметінше,бұл жерде хабарлама тарату үшін ТЖД-дан ақша алу туралы әңгіме жоқ және болмайды да. Себебі Tele2 компаниясы мен ТЖД арасында келісімшарт бар, оған сәйкес абоненттерге sms хабарлама тарату арнайы канал арқылы тегін жүзеге асады және ол канал тәулік бойы жұмыс істейді.

"Келісімшартқа сәйкес, біз қатаң тәртіп бойынша әрекет етуге тиіспіз, оны департамент ұсынып, бекітеді, ол жерде sms хабарламаның шаблондары нақты көрсетіледі, біз соны шұғыл сауал бойынша таратамыз. ТЖД бекіткен хабарлама мәтінін екі рет алдық, бірақ ол ешбір шаблонға сәйкес келмеді. ТЖД-ның келісілген мәтінін алған сәтте таратуды бірден бастадық", - деді Tele2 баспасөз қызметінің басшысы Олжас Бибанов. 

Ал Kcell компаниясы Tenginews.kz сауалына әлі жауап берген жоқ.

Бұған дейін Алматы әкімінің кеңесшісі Сергей Куянов ұялы байланыс операторларының алматылықтарға сел жөнінде sms хабарлама жіберуден бас тартқанын айтқан болатын. Оның айтуынша, өзге алматылықтар сияқты ол да селдің жүру қаупі туралы sms хабарлама алмаған. Куяновтың сөзіне қарағанда, ол бұл сұрақты ТЖД басшысының орынбасарына қойған, бірақ ол ұялы байланыс операторларының сел туралы хабарлама таратудан бас тартқандарын айтты. 

Айта кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрген. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Алматы ТЖД жеке құрамының, ҚР ІІМ ТЖК аймақтық бөлімшелерінің АҚ дабылы бойынша жиыны белгіленді.

ҚР ІІМ ТЖК аймақтық бөлімшелері жергілікті атқару органдарымен, қаланың азаматтық қорғаныс қызметтерімен бірге Қарағалы өзенінің бойында су басу аймағындағы елді мекеннің зардап шеккен тұрғындарын іздестіру және эвакуациялық бойынша аралап шығу жұмыстары ұйымдастырды. Алматы қаласындағы селден 280-нан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer