23 шілде 2015 | 12:43

Алматыда селге байланысты төтенше жағдай жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Дәурен Исаев © Дәурен Исаев

Алматыда 23 шілдеге қараған түні болған селге байланысты төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәслихат сессиясында айтты. Сонымен қатар, апат салдарын жоюға 2 миллиард теңгенің бөлінгені анықталды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 23 шілдеге қараған түні болған селге байланысты төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәслихат сессиясында айтты. Сонымен қатар, апат салдарын жоюға 2 миллиард теңгенің бөлінгені анықталды.

"Бүгін шамамен сағат 06.20-да 3500 метр биікте ұшып өту барысында мұздықтар басталатын жерде температура 11 градус болды. Сонымен қатар, морена көлдері пайда болып жатыр, солардың бірі тасып кеткен. Қарғалы өзенінде тоған бар, ол жартысына дейін толып тұр. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Жедел штаб жұмыс істеп жатыр, аудандарда шығынның көлемі есептелуде. Нормативтік құжаттар бойынша, ТЖ жарияланғаннан кейін зардап шегушілерге белгілі бір сома төленеді", - деді Ахметжан Есімов.

Әкімдіктегілердің мәлімдеуінше, әкімнің тапсырмасымен зардап шеккендер уақытша баспанамен, азық-түлікпен, сумен және медициналық көмекпен қамтылды.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer