24 шілде 2015 | 15:42

Селден зардап шеккен алматылықтар малдарының қырылуына байланысты шағымданды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Алматыда 23 шілдеге қараған түні жүрген селден зардап шеккен Наурызбай ауданының тұрғындары үй жануарларының қырылуына байланысты наразылықтарын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 23 шілдеге қараған түні жүрген селден зардап шеккен Наурызбай ауданының тұрғындары үй жануарларының қырылуына байланысты наразылықтарын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Тұрғындардың айтуынша, көптеген отбасы сиыр, қой мен тауық ұстаған. Олар қырылып қалған үй жануарлары үшін өтемақы төленбей қала ма деп қауіптеніп отыр, себебі селге дейін қанша малдың болғанын дәлелдеу мүмкін емес. "Сиырлардың барлығы қырылды. Бізде қаздар мен қойлар болған. Барлығы бір жаққа ағып кетті. Көршімде де мал көп болатын. Мұны дәлелдеу мүмкін емес. Біз итімізді тауып алдық - су біраз азайғанда ұлым келді, жылдам қарғып түсті. Овчарка мойнына дейін батпақта болды, оны қазып шығардық. Мысық та қашып кетті, бірақ қазір қайтіп келді. Адамдардың көпшілігінде мал болды, біз өмірімізді колхозда өткізген адамбыз. (...) Ешкім көшеде келіп: "Тұратын жерлерің, ішетін тамақтарың, суларың бар ма?" деп сұрамайды", - деп шағымданды жергілікті тұрғындар.

Селден зардап шеккен Қарағайлы ауылының 84 жастағы тұрғыны Евдокия Свичевскаяның айтуынша, ол екі күннен бері үйінің ауласына жете алмай жүр, себебі ол жер қою балшыққа толы. Ал сарайында 10 тауығы қалыпты. Әйел тауықтарым өліп қалды ма деп алаңдайды.

Шәкіржан Разиевтің айтуынша, оның төрт сиыры мен бұзауы болыпты. Сиырлар қашып құтылғанымен, бұзау үйінді астында қалыпты. "Ешқандай ескерту болған жоқ, егер болғанда біз малды айдап әкететін едік. Жалғыз көлігіміз кетіп қалды. Үй мен бүкіл тұрмыстық техника балшық болды. Оны қолмен қалай тазалаймыз? Мен білмеймін", - дейді ол.

 

Бұған дейін Алматы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаев жастарды селдің салдарынан жоғалып кеткен үй жануарларын іздеуге шақырды.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан мыңнан аса адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады. Қалада төтенше жағдай жарияланды.

Қызыл Жарты ай қоғамының еріктілері 23 шілдеде жүрген селден зардап шеккен Наурызбай ауданының тұрғындарына азық-түлік жинап жатқаны анықталды. Ұйымның Facebook парақшасындағы хабарламада 200 отбасының сусыз, электр жарығынсыз, газсыз қалғандары, сондықтан да олардың тамақ істеп жей алмай отқандары жазылған. Осыған орай Қызыл Жарты ай мүшелері қазақстандықтарды көмектесуге шақырды. Яғни, тамақ, азық-түлік, су мен сусындар, резеңке етіктері керек. Сонымен қатар, өз көлігі бар еріктілер мен аймақты тазалап, азық-түліктерді тарататын адамдар да керек. 

© Владимир Прокопенко

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer