Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Vesti.kz порталының "Невидимая сторона" атты жаңа жобасының кейіпкері болды. Тілшілерге берген сұхбатында ол өзінің балалық шағы, атақты теннисшілермен өткізген кездесулері жайында, әдебиет пен музыкаға деген қызығушылығы мен нағыз ер адамның қандай болуы керегі туралы айтты.

"Балалық шақта бұзақылық жасайтын уақытым болған жоқ. Мен тенниспен айналыстым, ал спорттың бұл түрі тәртіпке үйретеді", - деді спортшы. Қыздың айтуынша, оның мектептегі сүйікті пәні тарих болған. Әдебиетке қатысты Заринаның айтуынша, ол Джон Грин, Марк Леви, Дэн Браун мен Оскар Уайлдтың туындыларын ұнатада. Сүйікті фильмдерінің бірі - "Малышка на миллион".
Спортшы кортта Мария Шарапова мен Серена Уильямс сынды атақты теннисшілермен кездесу бақытының өзіне бұйырғанын айтты. "Биыл Серена Уильямспен ойнаудың сәті түсті, ол әрқашан менің арманым болған. Бірақ өкінішке қарай, кездесуде мен өзімнің ең үздік ойынымды көрсете алмадым, себебі турнирдің алдында біраз сырқаттанып, мүлде жаттыға алмадым десем де болады. Бірақ ол мен үшін жақсы тәжірибе болды, оның соққысы мықты, қабылдап алу қиын. Сонымен қатар, оның екінші сызықтан жасайтын соққысы да күшті", - деді Дияс.
Ол нағыз ер адам туралы сұраққа да жауап берді. "Мен үшін нағыз ер адам ба? Ол адал, қайырымды, сенімді ... және мені жақсы көруі тиіс (күлді). Мен үшін нағыз ер адамның көрнекі мысалы - біздің Президент Нұрсұлтан Назарбаев, ал теннисте - Роджер Федерер", - деді теннисші. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.