27 шілде 2015 | 16:14

Қарғалы өзеніне жақын маңда ең кемі 200 үй заңсыз тұрғызылған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Дәурен Исаев © Дәурен Исаев

Қарғалы өзеніне жақын маңдағы ең кемі 200 үй бөгет аумағында заңсыз тұрғызылған, бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарғалы өзеніне жақын маңдағы ең кемі 200 үй бөгет аумағында заңсыз тұрғызылған, бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандар өзенге жақын маңдағы үйлердің орналасуын зерттей бастады. "Алдағы уақытта бұл жер телімдерін алу мәселесін қарастыруымыз мүмкін, ол бөгетті қалыпты жағдайға келтіру үшін қажет, өкінішке қарай, көбінде талап бұзылған. Бағалау жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 200-ден аса үй бөгеттің аумағында тұр, олар өз уақытында заңсыз тұрғызылған, кейін заңдастырылған, бірақ ол процесстер 1990 жылдардан бері ұзақ жүрді. Бағалау жүргізілетін болады", - деді Ильин.

Оның айтуынша, зардап шеккен отбасылар 100 АЕК дейінгі көлемде материалдық өтемақыға үміткер бола алады. Ильиннің сөзіне қарағанда, зақым келген автокөліктерге қатысты мәселені сақтандыру компаниялары қарауға міндетті. Селдің салдарын жою үшін әкімдікте сақтық қоры құрылды, таяуда ол 2 миллиард теңгеге ұлғайды.

Ильиннің мәлімдеуінше, ТЖ орнында аумақты тазалау және қамсыздандыру жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ең басты мәселелердің бірі сумен жабдықтау болып тұр. Әкімнің орынбасарының айтуынша, әзірше өзеннен су тартуға болмайды. Жұмыс шамамен 20 күнге созылады.

Сонымен қатар, әкімнің орынбасары жергілікті тұрғындар бірнеше рет мәлімдегендей оқиға орнында тонаушылықтың болғанын растады. "Тұрғындардың, куәгерлердің айтқаны бойынша анықталып, бірнеше адам ұсталды. Оларға қатысты процессуалдық шара қолданылады", - деді Ильин.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Соңғы мәліметтер бойынша, алты адам ауруханаға жатқызылып, 78 адамға медициналық көмек көрсетілді. Барлығы 1036 адам эвакуацияланды, олардың арасында 51 бала бар.

Оқиға орнында көшелер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккен аудандардан 18 мың шаршы метрден аса балшық шығарылды. ТЖ болған жерде ТЖ бойынша комитеттің, ІІМ Ұлттық ұланының, Қорғаныс министрлігінің, Алматы ІІД, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, қалалық ұйымдар мен еріктілер жұмыс істеп жатыр. Барлығы 1758 адам мен 352 бірлік техника жұмылдырылды.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer