Қостанайда бір әйел 85 жастағы зейнеткердің тоңазытқышын тонады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда бір әйел 85 жастағы зейнеткердің тоңазытқышын тонады © Аbakan-news.ru

Қостанайда 85 жастағы зейнеткердің тоңазытқышын босатып кеткен адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда 85 жастағы зейнеткердің тоңазытқышын босатып кеткен адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 85 жастағы зейнеткер үйінен 4 келі кәмпит, екі қойылтылған сүт, кәді қоспасы, макарон мен сегіз бөтелке коньяктың ұрланғанын айтып, полицияға хабарласқан. Жедел іздестіру шаралары кезінде полицейлер күдіктіні ұстады. Тоңазытқышты зейнеткердің 55 жастағы көршісі тонаған болып шықты.

Айта кетейік, қостанайлық полицейлер екі күн ішінде 20 ұрлық дерегін анықтады. 27 шілдеде Қостанай қаласындағы ІІБ Оңтүстік бөлімшесінің қызметкерлері 250 000 теңге мен алтын бұйымдарды қолды қылған 27 жастағы күдіктіні ұстады. Полицейлер тәркіленген бұйымдар мен ақшаны иесіне қайтарды.

Ведомствоның мәліметінше, Қостанайда жыл басынан бері 1507 пәтер тоналған, қылмыстық істердің басым бөлігі ашылды.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети