Ақмола облысындағы мешіттен ұрланған жәшікте қанша ақшаның болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысындағы мешіттен ұрланған жәшікте қанша ақшаның болғаны анықталды © jw-org.info

Ақмола облысындағы мешіттен ұрланған жәшікте қанша ақшаның болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілетеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысындағы мешіттен ұрланған жәшікте қанша ақшаның болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілетеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола полицейлері мешіттегі садақаға берілген ақшасы бар жәшікті ұрлап әкеткендерді үш күннің ішінде ұстады. Олар Ақкөл қаласының 20 және 22 жастағы екі тұрғыны болып шықты, екеуі де бұрын сотталмаған.

"Екі жігіт садақаға берілген 157 мың теңге ақшасы бар жәшікті ұрлап әкеткен. Олар кінәларын мойындап, қолды болған қаржы тәркіленді. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл баптың санкциясы бойынша, жігіттер бес жылға сотталып, мүліктерінен айырылулары мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы мешіттен садақаға берілген ақшасы бар жәшіктің ұрланғаны хабарланған болатын. 26 шілде күні Ақкөл аудандық ІІБ кезекші бөліміне Ақкөл қалалық мешітінің имамы қоңырау шалып, терезе арқылы мешітке кіріп, садақа жиналған жәшікті алып кеткендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети