Қарағанды облысындағы балалар лагерінде 39 бала уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы балалар лагерінде 39 бала уланды ©bloknot-voronezh.ru

Теміртау қаласының маңында орналасқан "Факел" балалар лагерінде 39 бала уланып қалды, - деп хабарлайды 21.kz. Телеарна мәліметінше, бұл лагерьде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлерінің балалары демалып жатқан. 

Балалардың улану дерегін "Жақтау" металлургтер одағының өкілдері растады, алайда Қарағанды облыстық Тұтынушылардың құқықғын қорғау басқармасындағылар улану дерегінің тіркелмегенін мәлімдеп отыр. Кәсіподақтың мәліметінше, 39 бала лагерьдің штаттық медициналық жұмысшысының көмегіне жүгінген. Олар құсып, бастарының ауырғанын айтқан. 

Теміртау қаласының ауруханасына "Факел" лагерінде демалушылардың түспегені белгілі болды. Қазіргі уақытта лагерьде СЭС комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Бірақ Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасындағылар мұның жоспарлы тексеріс екенін айтып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети