01 тамыз 2015 | 14:40

Алматы түбіндегі әуе апатынан қаза болғандардың туыстары: Тергеушілер айыптыны іздеп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Самат Кәрімов © Самат Кәрімов

CRJ-200 ұшағындағы қаза тапқандардың туыстары ұшақтың апатқа ұшырау себебі туралы алғаш рет пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Мужская слеза" ҚҚ жетекшісі Светлана Серіковаға сілтеме жасап. Бүгін Көкшетауда SCAT ұшағының әуе апатынан қаза тапқандарға арнап ескерткіш ашылды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

CRJ-200 ұшағындағы қаза тапқандардың туыстары ұшақтың апатқа ұшырау себебі туралы алғаш рет пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Мужская слеза" ҚҚ жетекшісі Светлана Серіковаға сілтеме жасап. Бүгін Көкшетауда SCAT ұшағының әуе апатынан қаза тапқандарға арнап ескерткіш ашылды.

Ескерткіштің ашылуына қаза тапқандардың туыстары, достары, сонымен қатар облыстық мәслихат депутаттары мен қалалық әкімдіктің өкілдері келді. Светлана Серікова ескерткішті ашуға 2,5 жыл кеткенін айтты.

"Шындығында біз басқа нәрсе күткен едік, қазіргі уақытта төрт адамды кінәлап отыр. Оларға айып тағылды. Айып қаза тапқан адамдарға тағылды. Тергеушілер апатқа әкелетін ереже бұзушылықтардың болғанын айтты. Айтқандарында жүйе жоқ: іс материалында нақты кімнің кінәсінан ұшақтың құлағаны айтылмаған. Меніңше, қазір істі жабу үшін осылай етіп отыр. Алда сот бар, қылмыстық іс қозғалды, әлі уақыт алда. Іс бүгін немесе ертең бітпейді. Бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Дегенмен жала жаба салатын адамды іздеудің қажеті жоқ жеп ойлаймын", - деді Серікова.

© Самат Карімов

Шарада қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Ескерткіштің ашылуына қатысу үшін SCAT баспасөз қызметінің басшысы Виктория Ульянова келді. Ол әуе компаниясының президенті мен ұжымының атынан көңіл айтып, қаза тапқандардың туыстары мен  SCAT бір отбасы екенін мәлімдеді. Балалар аспанға шар ұшырды, ал ескерткіштің алдына 21 шам жағылды. Гүл қою рәсімінен кейін жиналғандар түскі асқа отырды.

Еске сала кетейік, Алматыдағы әуе апаты 2013 жылдың 29 қаңтарында болған еді. SCAT әуе компаниясының Көкшетаудан Алматыға бағыт алған Challenger-200 ұшағы Алматы әуежайына жақын маңдағы Қызылтуда апатқа ұшырады. Экипаждың бес мүшесі мен 16 жолаушы қаза тапты, олардың ішінде 2 жасар бала да бар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer