03 тамыз 2015 | 12:43

Ақтөбеде WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған 8 адамға жаза кесілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Diapazon.kz © Diapazon.kz

Ақтөбеде сегіз адамға "Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландырғаны және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" және "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" баптары бойынша жаза кесілді, - деп хабарлайды "Диапазон". Сотталғандардың ең үлкені - 38 жаста, ең кішісі - 21 жаста. Лаңкестікті насихаттағандары үшін олар үш жылдан алты жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Үкімді №2 қалалық сот шығарды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде сегіз адамға "Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландырғаны және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" және "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" баптары бойынша жаза кесілді, - деп хабарлайды "Диапазон". Сотталғандардың ең үлкені - 38 жаста, ең кішісі - 21 жаста. Лаңкестікті насихаттағандары үшін олар үш жылдан алты жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Үкімді №2 қалалық сот шығарды.

Құқық қорғау органдарының  мәліметінше, 2014 жылдың сәуірінде сотталушылар WhatsApp арқылы "Оқы, көр, тыңда. Әрекет ет" деген атаумен конференц-чат ашқан. Осы арқылы Қазақстанның 40-тан астам тұрғыны бір-біріне "радикалды-экстремистік аудио және видеороликтер, мәтіндік хабарламалар" жіберген. Конференц-чатты ашқан 26 жастағы ақтөбелік Қайрат Бектенов (бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотты болған) 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Дәл осындай жаза Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына да кесілді: 26 жастағы Бақтияр Сазанов пен 30 жастағы Әбдіхалық Сазанов. Олар кінәларын мойындамады, сонымен қатар ҰҚКД қызметкерлерінің өздерін азаптағандарын айтты. Қорғаушының айтуынша, ағайынды Сазановтар 30 шілдеде аштық жариялады. Олар сот үкіміне шағымданады.

Терроризмді насихаттады делінген қалған сотталушылар кінәларын мойындады. Шымкент тұрғыны Қанат Кенжебай, ақтөбелік жеке кәсіпкер Аманжан Ибрашев, ақтөбелік Айдар Қырбаев пен Атырау тұрғыны Жайнарбек Сапанов 5 жылға сотталды. Конференц-чаттың тағы бір мүшесі, "ЕТТ" ЖШС менеджері, оралдық Нұрлан Әйтімбетовті сот 3 жылға бас бостандығынан айырды.

 

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer