03 тамыз 2015 | 16:10

Үлескерлер мәселесі сот арқылы шешілуі тиіс - Жақсыбеков

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© 3d.astana.kz © 3d.astana.kz

Үлескерлер мәселесі сот арқылы шешілуі тиіс. Әділбек Жақсыбеков мұндай пікірімен аппараттық жиын барысында бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Үлескерлер мәселесі сот арқылы шешілуі тиіс. Әділбек Жақсыбеков мұндай пікірімен аппараттық жиын барысында бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиын барысында үлескерлер мәселесі туралы сөз қозғаған елорда әкімі жергілікті атқарушы биліктің жер телімдерін жобалау, құрылыс жүргізу және нысанды пайдалануға беру үшін беретінін атап өтті. Ал бұл кезеңдердің бұзылғаны үшін заң алдында құрылыс компанияларының басшылары жауап берулері тиіс.

"Иә, біз бұл нарықтағы жағдайды біліп отыруымыз керек. Құрылыс барысы мен жер телімдерінің игерілуіне талдау жасап отыруымыз қажет. Тек осы ғана", - деді Жақсыбеков. Оның айтуынша, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай түйткілді мәселелер сот немесе өзге де тиісті органдар арқылы ғана шешіледі.

Сонымен қатар, әкім Астана қаласының қазіргі санитарлық жағдайына тоқтала келе, қала құрылымдарының басты мақсаты - елорданың келбетін тиісті деңгейде ұстап тұру екенін ескертті. Бұл жұмысты бақылауда ұстау үшін әкімнің бұйрығымен жүйелі түрде жұмыс істейтін мобильді топ құрылған. Фото есептерге және өзге де қағазбастылыққа жол бермеу мақсатында Жақсыбеков бұл жұмысты электронды түрде жүргізуді тапсырды.

"Жұмыстың қалай жүріп жатқанын кез-келген уақытта қадағалап, көруіміз үшін ескертулерге қатысты барлық суреттер мен есептерді менің және орынбасарларымның кабинеттерінде орналасқан мониторларға шығару қажет. Сол арқылы кемшіліктерді дер кезінде көріп, тез арада олқылықтың орнын толтырамыз", - деді әкім.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer