Алдағы үш күнде Алматы облысындағы тауларда сел жүру қаупі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы үш күнде Алматы облысындағы тауларда сел жүру қаупі бар Үлкен Алматы көлі. © Дәурен Исаев

Алдағы үш күнде Алматы облысындағы тауларда сел жүру қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы үш күнде Алматы облысындағы тауларда сел жүру қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер ауа температурасының көтерілуіне және жауын-шашынның күтілуіне байланысты 4-7 тамыз аралығында Алматы облысындағы тауларда сел жүру қаупінің сақталатынын ескертті. Дегенмен, таяу күндерге арналған ауа райы болжамына сәйкес, Алматы облысынан өзге аймақтардың басым бөлігінде ыстықтың беті қайтады.

"4-6 тамыз аралығында республикамыздың батысы мен солтүстігінде ауа температурасы төмендейді. 6 тамызда суық атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кейбір жерлерде жаңбыр жауады және Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында температура одан әрі төмендей береді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ыстық әлі болады, күндіз ауа температурасы кейбір жерлерде 40-43 градусқа жетеді", - дейді синоптиктер.

Дегенмен, бұл өңірлерде 5-6 тамызда оңтүстік-батыс ағындарының солтүстік-батыс ағындарына ауысуы басталады және ақырындап ыстықтың беті қайтады деген болжам бар.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети