04 тамыз 2015 | 19:33

Олимпиада-2022: Назарбаев Бейжіңнің жеңісін байсалдылықпен және ұстамдылықпен қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев 2022 Олимпиада ойындарының астанасына дауыс беру нәтижесінде Бейжіңнің жеңіске жетуі туралы жаңалықты байсалдылықпен және ұстамдылықпен қабылдады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев 2022 Олимпиада ойындарының астанасына дауыс беру нәтижесінде Бейжіңнің жеңіске жетуі туралы жаңалықты байсалдылықпен және ұстамдылықпен қабылдады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев айтып берді.

"Президент дауыс беру сәтін ерекше назарда ұстады және бұл мәселе оған ерекше маңызды болды. Бірақ тәжірибелі саясаткер және ең жоғарғы деңгейдегі мемлекеттік менеджер ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы ең күрделі жағдайлардың өзінде көңіл-күйге ерік бермейді. Мемлекет басшысы байсалды әрі ұстамды болды. Өздеріңіз білетіндей, дауыс беруден кейін Президент ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді бірден құттықтады және Олимпиаданы сәтті өткізуді тіледі", - деді Абаев.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы 2022 жылғы Олимпиада ойындарының Алматыда өтпейтініне қуанған қазақстандықтардың көзқарасына қатысты өз пікірін білдірді.  

"Шынымды айтсам, Бейжіңге қолдау білдірген қазақстандық кейбір қолданушылардың әсерін көрдім. Мұндай жағдайларға біз байсалды қараймыз, қанша адам болса, сонша ой болатын шығар. Әркім өз пікірін айтуға құқылы", - деді Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы. Ол мұның себебі деп халықтың қажетті деңгейде ақпараттанбағандығын айтты.

"Алайда біз Олипиаданы өзімізде өткізуге қолдау білдіргендер көп деп ойлаймыз. Себебі Олимпиада өткізудің пайдасы өте көп. Экономикадан бастап имиджге дейін. Олимпиаданы жарты айға қабылдаған ел өз атын көп жылдық жалпыәлемдік тарихта қалдырады. Оның үстіне, бүгінгі әлемде Олимпиада - спорт қана емес, ол аса ірі нығайтқыш қасиетке ие және барлық азаматқа зор әсер береді", - деді Дәурен Абаев.

Ол Tengrinews.kz тілшісінің Алматыны таныстыруға жауапты адамдардың жұмысында шалағайлығының болған-болмағаны жайлы сұрағына жауап қатты.  

"Жоқ. Мұның үлкен жұмыс екеніне сенімдімін. Себебі дауыс берудің өзі ақ Олимпиаданы өткізуге толыққанды үміткер екенімізді, әлемнің қайсыбір қаласына болса да бәсекелес бола алатынымызды көрсетті. Оның үстіне бізде күшті аргументіміз болды. Бірнеше ғана дауыспен шешілген дауыс берудің өзі біздің командамыздың үлкен жұмысты атқарғанын көрсетеді", - деп мәлімдеді Абаев.

Алайда, оның айтуынша, келесі Олимпиаданы өткізуге өтінім беру туралы айтуға ерте. 

"Мұндай мәселелерді тыңғылықты зерттеу керек, барлығының "иә" және "жоқ" деген бағаларын пысықтау керек. Өтінім беруге айтарлықтай кедергі көріп тұрған жоқпыз, бірақ қайталап айтамын, мұнда ірі оқиғалардың тағдыры жан-жақты зерттеуден кейін ғана шешілуі керек", - деп аяқтады өз сөзін Президенттің баспасөз хатшысы. 

Еске салайық, өткен аптада 2022 жылғы Олимпиада ойындарының астанасы белгілі болды. Қысқы Олимпиаданы қабылдауға Алматы мен Бейжің таласты, дауыс берудің қорытындысы бойынша жеңіс Қытай Халық Республикасына бұйырды. Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиньге құттықтау телеграммасын жолдады. Айта кетейік, Қазақстанға Олимпиада өткізу құқығына ие болуға үш қана дауыс жетпей қалды.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer