Бішкек перзентханасындағы қазақстандық әйелдің қайтыс болу себебін арнайы комиссия анықтайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкек перзентханасындағы қазақстандық әйелдің қайтыс болу себебін арнайы комиссия анықтайды © Tengrinews.kz

Бішкек перзентханасындағы қазақстандық әйелдің қайтыс болу дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды АКИ press Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкек перзентханасындағы қазақстандық әйелдің қайтыс болу дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды АКИ press Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"№2 перзентханадағы емделушінің қайтыс болу дерегі бойынша Бішкек Денсаулық сақтау департаменті қызметтік тексеріс жүргізу үшін арнайы комиссия құрды", - деп жазылған жарияланымда. Баспасөз қызметінің мәліметінше, комиссия Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының қатысуымен құрылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бішкектің №2 ерзентханасының бас дәрігері Азамат Алымбаев Жамбыл облысы тумасының он күндік комадан кейін қайтыс болғанын хабарлаған еді. Оның сөзіне қарағанда, операциядан кейін әйелге плазма тамызылғанда реакция болып, ол комаға түскен. Плазма қан құю арқылы жүзеге асырылды. Әйел 10 күн бойы ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, ол көз жұмды. Өлімнің себебін анықтау үшін әйелдің денесі сойылатын болды.

 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети