05 тамыз 2015 | 12:56

Мемқызметке жаңадан келгендер бірден бастық бола алмайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанда мемлекеттік қызмет реформасы күтіліп отыр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астанадағы департаментінің қызметкерлері бұл реформаның барлық қағидасын таныстыруға көшті. Олар Астанадағы барлық мемлекеттік органдардағы кадр қызметтеріне олардың жұмысының қалай өзгеретінін түсіндіру үстінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Агенттік департаментінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мемлекеттік қызмет реформасы күтіліп отыр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астанадағы департаментінің қызметкерлері бұл реформаның барлық қағидасын таныстыруға көшті. Олар Астанадағы барлық мемлекеттік органдардағы кадр қызметтеріне олардың жұмысының қалай өзгеретінін түсіндіру үстінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Агенттік департаментінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда мансап моделіне өту жоспарланып отыр, оның аясында мемлекеттік қызметке бірінші рет келіп отырғандар өз кәсібін ең төменгі қызметтерден бастайды. Мансабындағы ары қарайғы жылжуы жеңілдетілген тәртіп бойынша ішкі конкурстың негізінде және қысқа мерзімде жүзеге асып отырады.

Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс нәтижесіне ұдайы баға беріліп, бонустар төленеді. Бағалау мемлекеттік қызметтегі барлық жұмысшыға қатысты ("А" және "Б" корпустары). Оларды бағалау факторлық-балдық бағаны бойынша іске асырылады, бұл бағалау жүйесі сатылы лауазымды ғана емес, сонымен бірге, қызметкерге түскен жүктемені есепке алуды да бағамдауды қарастырады, мұнымен қатар, қызметкердің стратегиялық мақсаттар мен мемлекеттік органдардың мақсатына жетуіне қосқан үлесі есепке алынады.

Қазіргі уақытта жаңа Этикалық кодекс жасалып жатыр. Ол мемлекеттік қызметтің құндылығы мен ұстанымдарын бекітеді, сонымен қатар, шенеуніктердің жұмыстағы және тұрмыстағы өзін-өзі ұстау стандарттарын анықтайды.

Мұнымен бірге, алдағы 2016 жылдағы кешенді аттестацияның ерекше дарынды әрі алғыр мамандарды анықтауға арналғаны айтылады.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer