Үндістанда халықтың сынынан кейін порносайттарға тыйым салынбайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда халықтың сынынан кейін порносайттарға тыйым салынбайтын болды © rg.ru

Үндістан билігі порносайттарға тыйым салмайтын болды, себебі халық әлеуметтік желі арқылы бұл шараны белсенді түрде сынға алды, - деп хабарлайды NDTV Gadgets.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан билігі порносайттарға тыйым салмайтын болды, себебі халық әлеуметтік желі арқылы бұл шараны белсенді түрде сынға алды, - деп хабарлайды NDTV Gadgets.

Ересектердің мұндай сайттарға кіруіне тамыз айының басында тыйым салынды. Енді Үндістан билігі 857 порносайтқа салынған тыйымды алып тастады, алайда балалар порнографиясы бар контенттерге тыйым салу интернет-провайдерлерге міндеттелді.

Сонымен қатар, жаңа шешім енді провайдерлердің тарапынан сынға түсті. "Бұл өте асығыс қабылданған және таразыланбаған шешім. Бізге балалар порнографиясы бар ма, жоқ па екенін анықтау үшін барлық порносайтты тексеру міндеттелді. Біздің оны қалай тексеруіміз керек, әзірше белгісіз", - деп мәлімдеді Үндістандағы негізгі байланыс операторларының бірінің өкілі.

Айта кетейік, шетелдік ақпарат құралдарының мәліметінше, әлеуметтік медианың кеңеюі мен смартфонды қолданушылардың көбеюіне байланысты Үндістанда порнографияға деген сұраныс артып жатыр. Бұл ел қазіргі таңда ересектерге арналған ең атақты сайттардың бірі Pornhub-қа кіру жағынан рейтингте төртінші орында тұр.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети