06 тамыз 2015 | 07:58

Қостанай әкімінің орынбасары тендердегі махинациясы үшін қамауға алынған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© "Наша газета" © "Наша газета"

Сот Қостанай әкімінің орынбасары Фрунзик Аракелянды қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, ол қамауға алынды, уақытша ұстау изоляторында екі ай болады, - деп хабарлайды "Наша газета". Қамауға алынған ол қызметтік өкілін теріс пайдаланды және пара алды деп айыпталып отыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сот Қостанай әкімінің орынбасары Фрунзик Аракелянды қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, ол қамауға алынды, уақытша ұстау изоляторында екі ай болады, - деп хабарлайды "Наша газета". Қамауға алынған ол қызметтік өкілін теріс пайдаланды және пара алды деп айыпталып отыр.

"Аракелян 2015 жылдың 27 ақпанынан өзінің қызметтік құзырын пайдалана отырып, сол кезде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бөлім басшысы болған адамға автобус аялдамаларына орнатылатын құрылғының тендерін "Арвис" ЖШС-нің жеңуіне бұйрық берген", - деді сотта мемлекеттік айыптаушы Руслан Өмірзақов. - 2015 жылдың 15 наурызында Жаңа жылға қаланы безендіру және екі төбешік орнату бойынша мемлекеттік сатып алулар өткізуге конкурс жарияланған болатын. Төбешіктердің құрылысында "Вескор" ЖШС заңсыз жеңіп алуы үшін қараша айында Аракелян Шинкиннің жұмыс бөлмесінде  "Вескор" ЖШС директоры Евстафьевтен 300 000 теңге көлемінде пара алды".

Басылымның мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы Аракелянды қамауға алуды, жедел мәліметтерге сәйкес, ол республика аймағынан кетіп қалуы мүмкін деген себеппен сұрады. Бұған тінту кезінде табылған жұмыстан кету туралы арызы себеп болып отыр, алайда ол кеңсе бөліміне өткізілмеген. Прокурордың айтуынша, Аракелян Шинкиннің тергеуде жүргенін біле тұрып, жұмыстан шығып, жасырынбақшы болған.

"Мен өз кінәмді мойындамаймын, жасырынбақшы да болған жоқпын", - деді Фрунзик Аракелян. Басылымның мәліметінше, соттың басталуына дейін ол сотта оның әкесі мен ағасының қатысуын сұрапты.

Қостанайдың №2 сотының тергеу судьясы айыпталушының жақсы мінездемесіне қарамастан, оны 2 айға қамауға алуды санкциялады. Осыған дейін Қостанай әкімінің тағы бір орынбасары Мақсұт Қалиев қамауға алынған болатын. 

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer