06 тамыз 2015 | 19:34

Куәгерлер Алматыдағы жол апатынан 4 айлық сәбидің қайтыс болуы жайлы өз нұсқаларын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© progorod11.ru © progorod11.ru

Куәгерлер Алматыда 4 айлық сәбидің жол апатынан қайтыс болуы жайлы өз нұсқаларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Куәгерлер Алматыда 4 айлық сәбидің жол апатынан қайтыс болуы жайлы өз нұсқаларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот екі мас әйелдің автомобильмен 15 жастағы қыз бен балаарбадағы 4 айлық сәбиді қағып кеткені жайлы істі қарап жатыр. Айта кетейік, екі әйелдің бірі, жүргізу куәлігінсіз автомобиль жүргізді деп айып тағылып отырған Зайра Серікбаеваның адвокатының өтінішінде жол апаты кезінде тізгінде оның емес, автомобиль иесі Айгүл Есембаеваның отырғаны жазылған. 

Осыған дейін арақ ішкен әйелдің жүргізу куәлігі жоқ құрбысына өз көлігін бергені айтылған еді. Сонымен қатар, жаяуларды қаққан жүргізушінің көлікті тоқтатпай, басқа көліктерге соқтығысқаны белгілі. Адвокат бұл жағдайды нақтырақ тексеру керек екенін айтады.

Ал куәгерлердің берген жауабы бұл нұсқаларға ішінара сәйкес келеді. Қайтыс болған сәбидің туысы соққы даусын естігеннен кейін көшеге жүгіріп шыққанын айтты, яғни көліктің жаяуларды соққаннан кейін тағы басқа көліктерді соққаны мәлім болып отыр. Ол кімнің тізгінде отырғанын нақты көре алмаған, алайда оның айтуынша, жол апатын бейнебақылау камералары түсіріп алыпты. Видеоны көрген олар көлік иесінің жолаушы орындығында отырғанын, бірақ тізгінге жармасқанын айтты. 

Айта кетейік, жол апатын жасады деп айыпталып отырған Серікбаева кінәсін ішінара мойындап отыр. Автомобиль иесі Есембаева автомобильді жүргізуге құрбысына рұқсат бергенін толықтай мойындаған.  

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы Алматыда 2 мамырда түнгі уақытта "Қалқаман" ықшамауданында болды. 34 жастағы жергілікті тұрғын Toyota RAV4 маркалы көлігімен Лапин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тоқтап тұрған Mercedes көлігіне соқтығысады, кейін қозғалысын жалғастырып екі жаяуды қағады: 15 жастағы қыз бен балаарбадағы төрт айлық сәбиді қағады. Сәби оқиға орнында қаза тапты, 15 жастағы қыз аяғы сынып, Бірінші балалар ауруханасына жатқызылды.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer