2015 жылы Анталияда 12 қазақстандық қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2015 жылы Анталияда 12 қазақстандық қайтыс болды © tvc.ru

Анталияда жыл басынан бері 12 қазақстандық қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анталияда жыл басынан бері 12 қазақстандық қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаевқа сілтеме жасап.

"Кейбір жалпы мәліметтерге назарларыңызды аударғым келеді. Естеріңізде болса, осының алдында жол апатынан біздің азаматымыз Константин Иванов осы жолда қайтыс болған еді. Бұл тасжол туристер үшін қауіпті. Осы жылдың басынан бері Қазақстанның 12 азаматы қайтыс болды, олардың үшеуі жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. 9 адам денсаулығының нашарлауынан көз жұмды. Біз, біздің консулдық қызметкерлер барлық қажетті көмекті көрсету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатырмыз", - деді Әбибуллаев СІМ-дегі баспасөз мәслихатында Памуккаледен Анталияға баратын жол жайлы сөзінде.

Түркияда 6 тамызда ірі жол апаты болып, 18 жастағы қазақстандық қаза тапты. Тағы алты қазақстандық ауруханада жатыр.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети