10 тамыз 2015 | 10:34

Қазақстанда үйдің бағасы түсті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Дмитрий Хегай © Дмитрий Хегай

Қазақстанда үйдің бағасы түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда үйдің бағасы түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен шілде айында абаттандырылған тұрғын үйлердің бағасы 1,2 пайызға дейін төмендеді. Сәйкесінше, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,3 пайызға азайды, сонымен қатар, абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға алу төлемі 0,8 пайызға төмен болды.

"Шілдеде тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 15 401-ге тең болды және бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 4,3 пайызға жоғары. Жалпы 2015 жылғы қаңтар-шілде айларындағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,0 пайызға артық, яғни тұрғын үй сатып алу-сату нарығында жандану үдерісі байқалады", - делінген хабарламада.

Өткен айлардағы баспана сатылымы жағынан көш басында Алматы қаласы тұр, мұндағы тұрғын үйді сатып алу- сату мәмілелерінің саны - 2 001, одан кейінгі орында Қарағанды облысы - 1 667 және үшінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы, мұндағы көрсеткіш - 1 411. Сондай-ақ, алғашқы бестікте Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы бар - 1 383 және 1 277. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда бір бөлмелі пәтерлердің аяқасты арзандап кеткені хабарланған болатын. "Менің ойымша, алдағы 2-3 жылда жылжымайтын мүліктің құны тағы да түседі. Қазақстанда эконом кластағы баспаналарды салу қолға алынбай жатыр, көбіне халыққа арналған тұрғын үйлер салыну үстінде. Біздің экономикамызға әсер ететін бірнеше фактор бар - ол мұнайдың бағасының төмендеуі, бюджеттің азаюы, осыған сәйкес бюджеттің барлық бағытта жұмсалуы", - деді экономист Уәлихан Төлешев. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer