11 тамыз 2015 | 14:11

Әділхан Ержанов жас әкім жайлы сатиралық фильм түсіріп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әділхан Ержанов Әділхан Ержанов

"Қожайындар" драмасымен танымал қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов сатиралық жанрда "Қаратас ауылындағы оба" фильмін түсіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Қожайындар" драмасымен танымал қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов сатиралық жанрда "Қаратас ауылындағы оба" фильмін түсіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картинаның түсірілім жұмыстары мамырда басталды, жыл соңында аяқтау жоспарланған. Лента сюжетіне сәйкес, жас әкім ауылға келіп, өзінің өзгерістері мен ережесін енгізу арқылы жағдайды өзгерткісі келеді. Жергілікті билік пен тұрғындар жас реформаторға аса назар аудармайды, осылайша олардың арасында келіспеушілік пайда болады.

Кадрды түсірілім тобы жолдады

"Фильм карикатуралық реализмде кинотілдегі ізденістерімді жалғастырады. Картинадағы басты идея - оба кезінде ұлан-асыр тойдың болуы. Ауылда бірнеше жүз жылдан бері оба таралған, бірақ адамдар оған үйреніп кеткен. Етіміздің жемқорлыққа үйренгеніндей. Фильмдегі оқиғаларды бүгінгі өмірдегі оқиғалармен байланыстыруға ниетім жоқ. Бұл карикатуралық реализм, стиль, онда шынайы ақиқат жоқ. Алайда идеяның өздігінен пайда болмайтынына сенімдімін. Шығармашылықтағының барлығы өмірде туады. Ал суретшінің шындыққа қарамай, бұлттардың арасында қиялдап жүргісі келетіні - өз құқығы - бірақ мұндай шығармаларда өмір болмайды, өнер де", - деді Әділхан Ержанов.

Айта кетейік, Әділхан Ержановтың екінші фильмі "Қожайындар" әлемдегі ең абыройлы кинофестивальдерінде көрсетілді, оның ішінде Канн, Торонто, Аустралия, Оңтүстік Корея елдеріндегі фестивальдер бар. Алайда кейін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз пікірінше Қазақстанды қорлайтын фильмдерді атады. Олардың ішінде Әділхан Ержановтың "Риэлтор" және "Қожайындар" туындылары болды.

"Біздің кино қазір кең пейіл, бейқам. Шындықтың элементін қоссаңыз-ақ сынның астында қаласыз. Кейбіреулерге шынайы киноны лас фильмдердің қатарына қоса салу оңай. Осылайша көптеген режиссерлер ақындардың шындықты айтуы сияқты міндетінен құтылып кетіп жүр. Алайда мен киноны міндетті түрде әлеуметтік тақырыпқа арналуы керек демеймін. Ол шынайы болуы керек. Өмір, қоғам, шындық бар кино қанша қаражат жұмсап, тапсырыспен түсірілгендерден әрқашан қызығырақ болады", - деді Ержанов.

Айта кетейік, режиссер "Қаратас ауылындағы оба" фильмін Soros Foundation-Kazakhstan қорынынан алған 6 мың доллар көлеміндегі грантының есебіне түсіріп жатыр. Ал жас кинематографистер Едіге Несіпбеков пен Айбек Құдабаев оператор және продюсері Серік Әбішев. Басты рольдерде Арслан Ақұбаев пен Мұрат Махан ойнайды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer