11 тамыз 2015 | 16:19

Қалқамандағы жол апаты: Сәбиді қағып кеткен әйелдер екі шөлмек арақ ішкен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinewstv.kz © Tengrinewstv.kz

Қалқаман ықшамауданында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сот жалғасып жатыр, бұл оқиғада екі әйел - Зайра Серікбаева мен Айгүл Есембаева көлікпен 15 жастағы қыз бен оның балаарбасындағы 4 айлық сәбиді қаққан, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қалқаман ықшамауданында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сот жалғасып жатыр, бұл оқиғада екі әйел - Зайра Серікбаева мен Айгүл Есембаева көлікпен 15 жастағы қыз бен оның балаарбасындағы 4 айлық сәбиді қаққан, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Соттың кезекті отырысында оқиғаның куәгері, Зайра Серікбаеваның сіңлісі Зәурештен жауап алынды. Оның айтуынша, 2 мамырда таңғы 9.00-де кездесіп, кешке дейін мерекені тойлаған. "Шамамен таңғы тоғызда Айгүл Есембаева өз көлігімен келді. Ол бізге 1 мамырды мерекелеуге келіпті. Ол мас күйде болды. Бір қолында сыра, екінші қолында кілт болды. Оны кімнің алып келгенін сұрадым. Ол өзі келгенін айтты. Мен оған ұрыса бастадым, көлікке неліктен мас күйде отырғанын сұрадым. Ол былай деді: "Жақын жерден келдім ғой, ештеңе бола қойған жоқ", - деді Зәуреш Серікбаева. 

Оның айтуынша, әйелдер кешкі сағат 18.00-ге дейін тойлаған. Бұл уақытта олар шамамен екі шөлмек арақ ішті. Бұдан кейін, куәгердің айтуынша, Зайра Серікбаева мен Айгүл Есембаева көшеге шыққан. "Мен аулаға жүгіріп шықтым, көлік кетіп қалыпты. Көшеге шықтым, ол жақтан маған қарсы Зайра жүгіріп келді. Олардың қайда болғанын сұрадым. Ол машинада болғанын айтты. Рульде Айгүлдің отырғанын айтты. (...) Мен аулаға жүгіріп шыққанымда көлік маңында адамның көп болғанын көрдім. Айгүл тұрып, рульде Зайраның отырғанын айтып жатты", - деді Зәуреш Серікбаева.

Осыған дейін арақ ішкен әйелдің жүргізу куәлігі жоқ құрбысына өз көлігін бергені айтылған еді. Сонымен қатар, жаяуларды қаққан жүргізушінің көлікті тоқтатпай, басқа көліктерге соқтығысқаны белгілі. Адвокат бұл жағдайды нақтырақ тексеру керек екенін айтады.

Ал куәгерлердің берген жауабы бұл нұсқаларға ішінара сәйкес келеді. Қайтыс болған сәбидің туысы соққы даусын естігеннен кейін көшеге жүгіріп шыққанын айтты, яғни көліктің жаяуларды соққаннан кейін тағы басқа көліктерді соққаны мәлім болып отыр. Ол кімнің тізгінде отырғанын нақты көре алмаған, алайда оның айтуынша, жол апатын бейнебақылау камералары түсіріп алыпты. Видеоны көрген олар көлік иесінің жолаушы орындығында отырғанын, бірақ тізгінге жармасқанын айтты. Айта кетейік, жол апатын жасады деп айыпталып отырған Серікбаева кінәсін ішінара мойындап отыр. Автомобиль иесі Есембаева автомобильді жүргізуге құрбысына рұқсат бергенін толықтай мойындаған.  

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы Алматыда 2 мамырда түнгі уақытта "Қалқаман" ықшамауданында болды. 34 жастағы жергілікті тұрғын Toyota RAV4 маркалы көлігімен Лапин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тоқтап тұрған Mercedes көлігіне соқтығысады, кейін қозғалысын жалғастырып екі жаяуды қағады: 15 жастағы қыз бен балаарбадағы төрт айлық сәбиді қағады. Сәби оқиға орнында қаза тапты, 15 жастағы қыз аяғы сынып, Бірінші балалар ауруханасына жатқызылды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer