12 тамыз 2015 | 13:10

Назарбаев Нью-Йоркте БҰҰ пікірсайыстарына Обамамен және Путинмен бірге қатысады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлы сессиясында АҚШ, Ресей және ҚХР басшыларымен бірге бір күнде сөз сөйлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі саясаткер Ерлан Қаринге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлы сессиясында АҚШ, Ресей және ҚХР басшыларымен бірге бір күнде сөз сөйлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі саясаткер Ерлан Қаринге сілтеме жасап.

"Нұрсұлтан Назарбаев Обамамен, Си Цзиньпинмен және Путинмен бірге 28 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ пікірсайысын ашады. Сөз сөйлейтіндердің алдын ала тізімі бойынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтойлы сессиясындағы бірінші күннің бірінші жартысында делегаттар алдында бірінші болып АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Қазақстан, Мексика, Иран басшылары сөйлейді", - деп жазды Қарин Facebook желісінде.

Бұл жаңалыққа қатысты түсінік берген саясаткер Tengrinews.kz тілшісімен әңгімесі барысында Назарбаевтың Обамамен, Путинмен және Си Цзиньпинмен бір күнде сөз сөйлеуіне қарапайым кездейсоқтық деп қарамауға назар аудартты.

"Қазақстан Президентінің БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлы сессиясында бірінші күні сөз сөйлеуге шақыртылуы біздің елдің күн тәртібіндегі жаһандық мәселелерді талқылаудағы еліктірушілігін көрсетеді. Шын мәнінде Қазақстан Президенті осыған ұқсас әлемдік форумдарға аз шақырту алған жоқ, мысалы G8, G20, Ядроға қарсы жаһандық саммиті. Ол әлемдік деңгейдегі саясаткер, оның позициясымен санасып, құрметтейді. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың Нью-Йоркте өтетін жалпы саяси пікірсайыстың алғашқы күнінде АҚШ, Ресей және ҚХР басшыларымен бірге қатысуы кездейсоқтық емес", - дейді Ерлан Қарин.

БҰҰ Бас Ассамблеясының сайтында жарияланған мәлімет бойынша, мерейтойлы сессия ресми түрде 15 қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ашылады. Ал жыл сайынғы жалпы пікірсайыстар биыл сәрсенбі, 28 қыркүйекте басталып, 3 қазанға дейін жалғасады.

Белгіленген дәстүр бойынша, 28 қыркүйек күні Бас Ассамблеяның мінберінен Бразилия мен АҚШ-тың президенттері сөз сөйлейді. Пікірсайыстар басталмай тұрып БҰҰ Бас Ассамблеясы мүше елдерге өзінің жыл сайынғы Ұйымның жұмысы туралы баяндамасын ұсынады.

Жалпы дебаттың бірінші күнінің бірінші жартысында 14 елдің басшысы сөз сөйлейді, арасында Нұрсұлтан Назарбаев бар. Айта кетейік, Украина президентінің сөз сөйлеуі 29 қыркүйекке жоспарланған.

Жалпы саяси пікірталасқа бір күн қалғанда, 25-27 қыркүйек аралығында Бас Ассамблеяда 2015 жылдан кейінгі кезеңнің тұрақты дамуы туралы Саммиттің өтетіні белгілі. Сөз сөйлейтіндердің алдын ала тізімінде, 27 қыркүйек, жексенбіде бұл саммитте Қазақстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей және Украина президенттері көрсетілген.

Бас Ассамблея істері және экономиклық, әлеуметтік Кеңес бөлімінің директоры Ион Ботнарудың мәлімдеуінше, БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне қыркүйек айында мемлекет және үкімет басшыларының рекордты саны жиналады. БҰҰ-ға мүше 193 мемлекет арасынан қазіргі таңда 155 елден өтініш қабылданды.

Бұл сессиядағы ең өзекті шара алдағы 15 жылдағы даму туралы жаһандық күн тәртібін белгілеу болады деп күтіліп отыр.

БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ-ның басты кеңестік органы болып табылады. Оған барлық мүше ел кіреді және олардың әрқайсында бір дауыстан бар. Әлем және қауіпсіздік немесе жаңа мүшелерді қабылдау сынды маңызды мәселелерге қатысты шешім қабылдау үшін үштен екісінің дауысын жинау қажет. Басқа мәселелер бойынша шешім қарапайым жолмен қабылданады.

Біріккен ұлттар ұйымындағылардың мәлімдеуінше, Бас Ассамблея - әлем және қауіпсіздік, даму, кедейшілікті және инфекциялық ауруларды жою, қарусыздандыру, адам құқығын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау үшін жауапты жалғыз әрі жан-жақты орган. 1946 жылы Бас Ассамблеяның құрамында 51 мемлекет болды, қазір - 193. 40-жылдардың соңында оның күн тәртібі отарсыздандыру мәселесіне арналды. 70 жылдың ішінде Бас Ассамблея қозғалатын мәселелердің ауқымын кеңейтті, енді әлеуметтік, экономикалық даму, лаңкестікпен күрес, сыбайлас жемқорлық, есіртікінің заңсыз айналымы және АИВ/ЖИТС, әйелдерді, мүгедектерді, байырғы халықты және балаларды қорғау, демократияның негізгі принциптерін көтеру мәселелерімен айналысады.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer