12 тамыз 2015 | 13:24

Патша үкіметінің жүргізген отаршылдық саясаты жайында тың деректері бар кітап жарық көрді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Massaget.kz © Massaget.kz

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында "Баласағұн кітапханасы" сериясы бойынша жаңа кітаптар жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТарМПИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ғылыми еңбектер архив құжаттары және қордаланған материалдардың негізінде даярланған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында "Баласағұн кітапханасы" сериясы бойынша жаңа кітаптар жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТарМПИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ғылыми еңбектер архив құжаттары және қордаланған материалдардың негізінде даярланған.

"Жетісу Ресей империясының құрамында" атты монографияда XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі патша өкіметінің Жетісу өлкесінде жүргізген отаршылдық саясаты, казактар мен орыс шаруаларының өлкеге қоныстандырылуы және оның салдары, жергілікті халықтардың дәстүрлі жер пайдалану жүйесінің бұзылуы қамтылған. Сонымен қатар, отаршылдық саясатқа қарсы шыққан тұлғалар туралы және XX ғасырдың басында өлкеден шыққан қазақ зиялыларының жалпы мұсылмандық қозғалысқа тартылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі Жетісу халықтарының көтерілісі және оның барысына байланысты мәселелер топтастырылған.

"Бұл кітапта тың деректер молынан кездеседі. Ең алдымен тарихи ақтаңдақтардың орнын толтыруға қадам жасалған", - деді кітап авторы, ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова. Сондай-ақ, автордың "Алаш қозғалысының тарихы" атты оқулығы шықты. Бұл кітапта қазақ халқының азаттық үшін күрескен тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін қалыптастыруда зор роль атқарған Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметтері туралы жазылған.

"Ал Түркістан жинағының қос томы - Түркістан өлкесінің (Орталық Азияның) көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, халықтарының мәдени өмірі мен тұрмыс-салтына және өзге де мәселелерге арналған мақалалар жарияланған ғылыми жинақ болып табылады. Белгілі тарихшы Тұрғанжан Төлебаевтің "Обрабатывающая промышленность Туркестанского края" атты монографиясы Сырдария және Семиреченск облыстарының мұрағаттық деректері негізінде жазылған", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, кітаптар ТарМПИ жанындағы Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттейтін ғылыми орталықта дайындалып, аталған оқу орнының баспасынан шықты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer